Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1392007
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түрік ғалымдары коронавирусты 15 секундта жоятын аппарат жобалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбулдағы Малтепе Университеті кванттық зерттеулері жүргізген профессор др. Афиф Сыддыки және жұмыс тобы коронавирус эпидемиясы аясында маңызды бір жобаға қолтаңба қалдырды. Сovid-19 вирусын ультракүлгін сәулелерді қолдана отырып 15 секундта жоятын 3 бөлек аппарат жобалаған ғылыми топ өндірілген алғашқы аппараттардың денсаулық қызметкерлері үшін қолданылуын қамтамасыз етеді.

Стар газеті «Коронавирусты емдеуде қолданылатын отандық дәрі-дәрмектердің алғашқы бөлігі Денсаулық сақтау министрлігіне табыс етілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Абди Ибрахим Атқару кеңесі төрағасы Незих Барут коронавирус науқастарын емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектің Денсаулық сақтау министрлігіне тегін табыс етілгенін жариялады. Барут «Алғашқы дәрі-дәрмек 70 мың қорап. 15 сәуір күні тағы 90 мың қорап өндіреміз. Шикізат болған сайын Денсаулық сақтау министрлігінің қаншама қажеттілігі болса біз мұны өндіріп өздеріне тапсырамыз» деді.

Йени Шафак газеті «Испания Түркияның жәрдемдеріне риза» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бүкіл әлемді қырып жатқан эпидемия ең ауыр ықпал еткен Испанияға барлық шақыруларға қарамастан Еуропа елдерінен бір де бір маска жіберілмеді. Түркия болса әр уақыт болғандай, жәрдем шақыруына үнсіз қалмады. Испанияға көптеген пакетпен медициналық материал жіберген болатын. Испания Сыртқы істер министрі Аранча Гонзалес Лая жомарттығы үшін Түркияға алғысын білдірді.

Хүррийет газеті «Turkish Cargo денсаулығы мықты бір әлем үшін ұшады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Turkish Cargo» аймақтық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып,  мықты флоты және өсу стратегиясымен әлемге қажетті өнімдерді тасымалдауда. Соңғы жылдары тасымалдау күшін артып отырған жүк тасымалдау фирмасы азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық өнімдерден бастап тасымалдаған тауарлары арқылы әлемнің өмір сүруіне ықпал етуде. «Turkish Cargo» Сovid-19 эпидемиясымен күрес кезеңінде бұл қабілетін ең құнды күші ретінде әлемнің қызметіне ұсынады.

Хабер түрік газеті «Түрік жеміс-жидектеріне сұраныс артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ең маңызды ауылшаруашылығы өндіріс орталықтары Мерсин, Хатай және Адана қаңтар мен наурыз айлары арасында таза жеміс-жидек саласында жүзеге асқан экспортпен 2020 жылының алғашқы ширегін жылдам бастады. Түркияның таза жеміс-жидек экспортының 50 пайызынан астамын жүзеге асырған Мерсин, Хатай және Адана қалалары қаңтар-наурыз айлары арасында 335 миллион 352 мың 103 долларлық экспорт жүзеге асырып, өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 25.29 пайыздық өсуге қолтаңбасын қалдырды.



Ұқсас жаңалықтар