Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1385947
Түрік баспасөзіне шолу

 

Йени Шафак газеті “Президент Ердоған: жаһандық экономикада сенім арттыру үшін қозғалуымыз керек” деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типтегі коронавирус тақырыбымен бас қосқан Үлкен 20 лидердер кезектен тыс жиналысына видео конференция арқылы қатысты. Ердоған жиналыста “Жаһандық қаржы дағдарысы кезінде жасағанымыздай тез арада қозғалысқа өтуіміз керек.  Ешкімнің қорғаушы және бір жақты саясаттар жүргізу артықшылығы жоқ. Барша адам баласы рахат тыныс алғанға дейін барлық елдерді әділ түрде жаһандық медициналық дағдарыспен күреске шақырамын” деді. 

Хүрриет газеті Фахреттин Алтунның сөздеріне орын берген. Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун коронавируспен күрес тақырыбында “Халықаралық ұйымшылдық-   әлемде әсер етпеген жері қалмаған өлтіретін вируспен күрестің бас тартылмасы. Бір вирустың елдерді жаһандық ынтымақтастықты бұзатын жаңа шекара сызуға итермелеуіне рұқсат бермеуіміз керек” деді. 

Хабер Түрік газеті “Сыртқы істер министрлігінен Грекияға наразылық” деген тақырып қолданған. Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Хами Аксой теңіз өкілеттік алаңдарының шектелуінде негізгі ереже болып саналатын әділ шектеу принцибін елемеген Грекияның сөздерінің халықаралық құқыққа қайшы екенін білдірді. 

Сабах газеті “Әлем елдерінің Түркиядан сабын сұранысы артты” деген хабарға орын берген. Бүкіл әлемге әсер еткен коронавирус эпидемиясынан кейін шетелдердің Түркияға сабын сұранысы артты.  Карибтен Кубаға, Ресейге, латын елдерінен Сібірге дейін әлемдегі қырықтан астам елдің сабын мұқтаждығы Айдын қаласынан қамдалып отыр. 

Стар газеті “Түркия мен Қытай арасында үлкен келісім” деген хабарға орын берген. Түркия Актив фонды мен Қытай экспорт және несие мекемесі екі ел арасындағы экономикалық, сауда және инвестиция ынтымақтастығын арттыру үшін бес миллиард долларлық келісімге қол қойды. 

 



Ұқсас жаңалықтар