Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1383032
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Режеп Тайып Ердоғаннан коронавирусқа қарсы азаматтарға дыбыстық хабарлама» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанкоронавирус эпидемиясы себепті үй телефондарына дыбыстық хабарлама жасап «үйіңізден шықпаңыз!» деп ескертуі жасады. Ердоған эпидемия себепті мәжбүр болмайынша азаматтардың сыртқа шықпауын және үйлерінде тұруларын талап етті. Ердоғанның дыбыстық хабарламасы үй телефондарына телефон шалып, азаматтарға жеткізілді.

Ватан газеті «Фахреттин Алтун: Ақпарат ластығы да Сovid-19 сияқты халықтың денсаулығына қауіп төндіреді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун коронавируспен байланысты негізсіз ақпараттардың вирустай қауіпті екеніне назар аударған бір бейнекөрініс жариялап, жалған ақпарат таратылғанын және айтылғандарға назар аударылмауы жайлы ресми мәлімдемелердің қадағалануын ұсынды.

Сабах газеті «Түркия Батысқа 42 миллиард долларлық құрлық экспорты жасауда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық Жүк тасымалдаушылар қоғамы Стратегия мен қызмет жетілдіру төрағасы Фатих Шенер Түркияның батысқа құрлық арқылы жасалған экспортының жылына 42 миллиард доллар екенін атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «Түркия таза жеміс-жидек экспортын арттырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның 1 қаңтар-19 наурыз күндері аралығында таза жеміс-жидек экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 27,6 пайыз артып, 581 миллион доллар болып жүзеге асты.

Star: "Türkiye'nin bereketli hazineleri: 160 milyon dolar elde edildi"

Түркияның берекелі топырағында өсетін азық-түлік, денсаулық және косметика саласында қолданылған лавр, көкжидек, тасшөп, кароб, розмарин, каштан және шалфей сияқты медициналық және хош иісті өсімдіктердің экспорты экономикаға болымды ықпал етуде. Өткен жылы бұл өнімдердің экспортынан 160 миллион доллар табыс түсті.



Ұқсас жаңалықтар