Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1378835
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Чанкая сарайында коронавирус жиналысы» атты хабарға орын берген.  Вице-президент Фуат  Октай басшылығында Чанкая сарайында кеше коронавируске бағытталған сақтық шаралары қолға алынған жиналыс өткізілді.  Жиналыстан кейін Коммуникация басқармасы хабарлама жариялады.  Еуропаның 9 елінен Түркияға жүргізілген рейстердің түн ортасынан бастап тоқтатылуына шешім берілді.  Айырықша 17 наурыз сағат 23,59-ға дейін елге келген азаматтардың 14 күн бақылауға алынатыны білдірілді.

Хабер Түрік газеті Сыртқы істер министрінің шақыруына орын берген.  Жаңа Зеландияның Крайсчерч қаласындағы Нұр және Линвуд мешіттеріне 2019 жылдың 15 наурыз күндерінде жасалған лаңкестіктің бір жылдығында қаза тапқан 51 адамды құрметпен еске алды.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу әлеуметтік желіде «15 наурыз Исламофобияға қарсы халықаралық ұйымшылдық күні болсын» деп шақыру тастады.

Ватан газеті «Үшінші бұрғылау кемесі Түркияға жеткізілді» деген хабар жариялаған. Түркия қазірге дейін бұрғы жұмыстарын «Фатих» және «Явуз» кемелерімен жалғастырып келді. Енді сатып алынған үшінші кеме де Түркияға жеткізілді.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Кануни» кемесінің бұрғы істерін жақында бастайтынын білдірді.

Йени Шафак газеті «Ресейге экспорт басталды. 30 пайыз артты» деген хабарға орын берген. Түркиядан жылдың қаңтар-ақпан айларында Ресей Федерациясына 700 миллион 287 мың 450 долларлық өнім жолданды.  Өткен жылдың осындай кезеңінде Ресейге 387 мың 698 тонна өнім жіберіліп,  555 миллион 107 мың 446 долларлық табыс табылған еді.  Осылайша осы елге экспорт өткен жылмен салыстырғанда 30 пайыз артты.



Ұқсас жаңалықтар