Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1376725
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоғаннан Түркиядағы алғашқы коронавирус оқиғасы туралы мәлімдеме» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанкеше Әділет және даму партиясы жиналысында Түркияда алғашқы жаңа типтегі коронавирус (Сovid-19) оқиғасының байқалғанын растады. Ердоған Еуроодақтан келген бір азаматта коронавирус анықталғанын атап, бұл тұлғаның жалпы денсаулық жағдайының жақсы екенін, жанұясы мен жақындарының бақылауға алынғанын білдірді.

Хүррийет газеті «Чавушоғлу: Уақытша бітімді түбегейлі келісімге айналдыру үшін талпыныстар жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт ЧавушоғлуСирияның Идлиб аймағындағы соңғы жағдаймен байланысты «Қазір уақытша болған бұл бітімді түбегейлі шешімге келтіру үшін талпыныстарымыз жалғасуда» деді.

Хабертүрік газеті «Акардан Идлибтегі бітіммен байланысты мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Идлибте Ресеймен жасалған келісіммен байланысты «Мақсатымыз бітімді тұрақтандыру. Осыған жұмыстанамыз. Бұдан кейінде келіссөздердің болымды өтуі үшін жауапкершілігімізді орындаймыз. Ресейдің де берген уәделерін орындауын күтеміз» деді.

Сабах газеті «Коммуникация басқармасы төрағасы Алтунның коронавирус мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун жаңа тип коронавирус (Сovid-19) инфекциясына ем табу үшін Түркияда ғалымдар мен зерттеушілердің үздіксіз жұмыс істегенін атап көрсетті. Алтун мәлімдемесінде «Халықаралық қоғамның бұл қатерге шешім іздеу үшін бірге қозғалатын уақыт келді» деді.

Йени Шафак газеті «Түркияның алғаш отандық және ұлттық жер серігі Түріксат 6А-да жаңа сатыға өтілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі А.Қ. Бас директор орынбасары др, Селман Нас Түркияның алғашқы отандық және ұлттық жер серігі Түріксат 6А-ның инженерлік моделіне қатысты интеграциялау мен өндірістік жұмыстарының көпшілігінің аяқталғанын, жер серігінің ұшу моделінде де интеграциялық процестің басталғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар