Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1371523
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті министр Чавушоғлунің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу босқындарға байланысты «Еуропа Одағы органдары Еуропаның және адам баласының ортақ құндылықтарына құрмет көрсетуі керек.  Жаңа көш толқынын көтере алмайтынымызды бірнеше мәрте айттық.  Ешкімді Түркияда күштеп ұстап тұра алмаймыз» деді.

Сабах газеті «Нысаналарды ұшқышсыз қарулы аппараттармен бомбаладық» деген хабар жариялаған.  Түркия әлемде бірінші рет үйір қалпында қозғалатын қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын шайқас алаңында қолданды.  Түрік Қарулы күштерінің Идлибтегі «Көктем қалқаны» операциясында нысаналарға үйір қалпында қозғалатын әуе аппараттарымен соққы берілді. Анкара және Хатайдағы әскери басқару орталықтарынан бағыт берілген Байрактар ТВ2 қарулы ұшу аппараттары флот күйінде ұшып,  Дамаск режимінің күштері, ауыр қаруларын және оқ-дәрі қоймаларын жойды.

Ватан газеті «Дүние жүзіндегі ең мықты әуе күштері жарияланды» деген хабарға орын берген.  Дүние жүзінің ең мықты әуе күштері анықталды. АҚШ-тағы тәуелсіз Global Firepower 2020-ның деректерін жариялап,  Түрік Әуе күштері алғашқы ондықта орын алды.  Тізімнің басында Америка Құрама Штаттары келеді.

Йени Шафак газеті «Әлем елдерінен алатын едік,  енді әлем елдеріне сатып отырмыз» деген хабар жариялаған. Егіншіліктен өнеркәсіпке дейін өндірістегі көптеген салада қолданылатын вермикулит кені өте ерекше. Жылытылғанда 10 есе көбейетін кен Түркияда бірінші рет Сиваста шығарылды.  Бұрын бұл кен сатып алынатын еді,  ал енді өңделіп әлем елдеріне сатылады.

Хүрриет газеті «Шетелдіктер 5 келі өңделмеген алтын алып келуіне болады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия Республикасы мемлекетінің азаматы емес және елге кірген кезінде 18 жасын толтырған жолаушылардың өздерімен бірге бір жылда көп дегенде 5 келі өңделмеген алтынды Түркияға алып кірулеріне рұқсат беріледі.



Ұқсас жаңалықтар