Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1362215
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның сөздеріне орын берген. Ибрахим Калын кеше үкімет отырысы жалғасып жатқан кезде мәлімдеме жасады.  Сирияның Идлиб аймағында мақсаттың Сочи келісімінің шарттарына қайта оралу екенін білдірген Калын Идлибтің қорғалуы және бейбіт халықтың тыныштығы үшін аймаққа әскери жабдықтың жолдануының жалғасатынын айтты.

Стар газеті Сыртқы істер министрінің Грекияға нарызылығын жариялаған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекия президенті Прокопис Павлопулостың Батыс Фракияға сапары барысында мұсылман түрік азшылық жөнінде «мұсылман грек азшылық» дегеніне наразылық білдірді. Министр «Демократияның бесігі деп аталған бір елдің президенті мұсылман түріктерге «грек мұсылман» депті.  Еуропадағы Адам құқықтары сотының соншалықты үкіміне қарамастан.  Сіз не десеңіз дей беріңіз, Батыс Фракия түрік азшылығы ғасырлардан бері түрік болып келді,  түрік болып қалады» деді.

Сабах газеті Мәскеудегі Идлиб келіссөздеріне орын берген.  Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Ресейдің бас қаласы Мәскеуде түрік және орыс делегациялары арасында өткен Идлиб келіссөзі жөнінде мәлімдеме жасады.  Челик Асад әкімшілігі алдынғы шекараға шегінбеген жағдайда,  мұны жүзеге асыру үшін әскери дайындық жүргізілгенін ашық айтқандарын білдірді.

Хүрриет газеті ғылым әлемінен бір хабар жариялаған. Ұлттық Антарктида 4-шы Ғылыми экспедициясы тобы 15 мың километрлік жолдан кейін аппақ құрлыққа барып жетті.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк жазбаша хабарлама жариялап, экспедиция тобының уақытша Түрік Ғылым лагері орналасқан аралда шамамен бір ай бойы ғылыми жұмыстар жүргізетінін білдірді.

Хабер Түрік газеті Президенттік Ұлт кітапханасы жөнінде бір хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған 7 күн 24 сағат бойы қызмет беретін жаңа кітапхананы ашады. Ертең ашылатын кітапхана Селчук, Османлы және замандас сәулетке сәйкес салынды. 2016 жылы құрылысы басталған жаңа кітапханада бір мезетте 5 мың адам қызмет ала алады.



Ұқсас жаңалықтар