Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1359564
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Солтүстік Македонияда «ең сүйікті әлемдік лидер» президент Ердоған болды» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Македонияда жасалған бір сауалнама нәтижесінде «ең сүйікті әлемдік лидер» тізімінде бірінші орын алды.  Қатысушылардың 60 пайызы президент Ердоғанға жылы ықылас білдірді.

Йени Шафак газеті Ұлттық Қорғаныс министрінің сөздеріне орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар НАТО  жиналысы үшін Бельгияға барып,  Брюссельде Сирия Идлибтегі шабуылдарға байланысты сөз сөйледі.  «Идлибте бітімді қамдау және түбегейлі қылу үшін қосымша жасақтар жіберудеміз,  алаңды бақылауға аламыз.  Идлибте бітімге бағынбағандарға қарсы күш қолданылады,  әртүрлі шара қолданылады» деді ол.

Сабах газеті «21 айдың рекорды» деген хабарға орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк желтоқсан айында өнеркәсіптік өндірістің жылдық 8,6 пайыз артқанын айтты. «21 айдың рекордына қол жеткізілді. Осы жетістікті түбегейлі күйге келтіру, өндірісті негізге ала отырып өсуге шоғырландық. Өсім жылдамдайтын,  реал секторлар нығаятын, жұмысқа орналастыру артатын бір жыл үшін жұмыстанамыз» деді министр.

Ватан газеті Стамбул әуежайындағы бір жаңалыққа орын берген. Стамбул әуежайында ішкі және сыртқы желі терминалінде ұшып келу және ұшып кету жолаушы қабатында сәбилерге арналған бесік арба тегін болады. Бесік арбалар 0-6 жас аралығындағы балалары бар отбасылардың қолданысына ұсынылды.

Хүрриет газеті «Заңсыз алып қашырылған екі жәдігер Түркияға әкелінеді» деген хабар жариялаған.  Мәдениет және туризм министрлігі заңсыз жолдармен әкетілген тарихи жәдігерлердің 15 ақпан күні Түркияға жеткізілетінін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар