Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгіс газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1358794
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Шабуылдар жалғасқан жағдайда, Сочиге бағынбай режим күштерін әр жерде атып тастаймыз" атты хабар жариялаған. Хабарға қарағандаЕрдоған басшылық жасаған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) жиналысында үн қатты. Ердоған «Түрік әскері аз ғана шығынға ұшыраған жағдайда, бүгінен бастап, Идлиб және Сочи келісімдеріне бағыныштылықты тастап, режим күштерін әр жерде атып тастайтынымызды ашық жариялаймын» деді.

Сабах газеті «Анкарада маңызды бас қосу!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысыИбрахим Калын АҚШ-тың Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффримен бас қосты. Кездесуде Идлибте режим күштерінің түрік күзету пункттерін нысанаға алынуының қабылданбайтыны атап көрсетілді. Идлиб келіссөздері аясында түрік әскерлері және жазықсыз азаматтарды қорғау тақырыбында Түркияның табандылығы мықты түрде атап көрсетілді.

Стар газеті «АҚШ: ТүркияныңF-35 бағдарламасынан шығарылуы шығындарды арттырып, табысты азайтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ президенті Дональд Трамп шамамен 4,8 миллион триллион долларлық 2021 қаржы жылы бюджет ұсынысын Конгресске жіберді. Бюджет ұсынысының қорғаныс шығындары тарауында Түркия жайлы бір деталь назар аударды. Тарауда «ТүркияныңF-35 жойғыш ұшақ бағдарламасынан шығарылғаны себепті F-35 өндірісінің шығындары артады, өндірілген ұшақ саны азаяды» делінген.

Хүррийет газеті «Стамбул әуежайы Түркияның 82-ші қаласы сияқты қызмет беруде» тақырыпты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы күткен жолаушы саны көрсеткіштері дүкендер мен бір қалада қажетті көптеген кәсіпорнымен Түркияның 82-ші қаласы сияқты қызмет беруде. Күніне орташа 200 мың жолаушы мен 1200 ұшақ қолданған Стамбул әуежайының мейманхана, денсаулық орталықтары, дәріханаларға қоса көптеген кәсіпорынымен орташа үлкендікте бір қаладан айырмашылығы жоқ екеніне назар аударылуда.

Хабертүрік газеті «2020 жылы Патара жылы ретінде жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрлігі 2020 жылы тақырыбы үшін Анталияның Каш ауданындағы Ежелгі Патара қаласын таңдады. Археологиялық қазба жұмыстарында б.д.б 8-ші ғасырда құрылғаны белгілі ежелгі қала «Санта Клаус» атымен танымал Әзіз Николайдың туған жері болып қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар