Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1357061
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Үстел құлады» деген хабарға орын берді. Газет Анкарада Түркия мен Ресей арасындағы кездесулер жалғасқан кезде Сирия режимінен жаңа бір провокацияның келгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Идлибтің солтүстігіндегі Тафтаназ аймағындағы түрік әскери базасына жасалған қарулы шабуылда 5 әскеріміз шейіт болды және 7 әскеріміз де жарақат алды. Шабуылға тойтарыс берген Түрік Қарулы күштері режимнің 115 нысананы атқылап, 101 режим сарбазын залалсыздандырды.

Стар газеті «Джерар: Словения Түркияның Еуропа Одағы мүшелігінің қолдаушысы» атты тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда  Словения вице-премьері және Сыртқы істер министрі Мирослав Джерар Түркияның босқын тақырыбында қол жеткізген табыстарына риза болғанын білдіріп, «Түркияны маңызды бір аймақтық актер ретінде қараудамыз. Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы қою ынтымақтастығының болашақта та артатынына кәміл сенеміз. Словения Түркияның Еуропа Одағы мүшелігінің қолдаушысы» деді.

Сабах газеті хабарын «500 миллиард долларлық адал ниетті инвесторлар Стамбулға келеді» деген тақырыбымен берді. Газеттің хабары бойынша жаһандық ерте сатыдағы инвестиция және «капитал нарықтарының Давосы» ретінде қабылданған адал ниетті инвестиция форумы (World Business Angels Investment Forum-WBAF) 500 миллиард долларлық қорды басқарған адал ниетті инвесторлардың басын Стамбулда қосады. 17-18 ақпанда жүздеген адал ниетті инвесторлардың басын қосатын форум 92 елден көптеген делегаттың қатысуымен өтеді.

Хабер Түрік газеті «Түркияның ең кішкене ұялы жер серігі Жаңа Зеландиядан ғарышқа ұшырылады» атты хабарға орын берді. Газет Зонгулдак Булент Эжевит Университеті Grizu-263 ғарыш командасының Түркияның ең кішкене ұялы жер серігін ғарышқа ұшыруға дайындалғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда команда капитаны Чагла Дурсун жер серігінің Жаңа Зеландиядан ұшыру үшін қажетті рұқсаттарды алғандарын айтты.

Хүрриет газеті «Түркия туризмде Қытайға альтернатива түрлілік ретінде алдыңғы қатарда орын алды» деген тақырып қолданды. Газет коронавирус індетінен кейін Еуропадан Қытайға конгресс туризм үшін баратындар тұрғысынан альтернатива түрлілік ретіндегі ұсыныстарды қабылдаған Түркияның крейсерде де назар аудара бастады. Газеттің хабарына қарағанда 2018 жылы 247 болған Түркия порттарына аялдаған крейсер саны өткен жылы 344-ке ұласты. Түркия крейсер туризмде Қытайдағы коронавирус індетінен кейін альтернатива түрлілік ретінде алдыңғы қатарда орын алды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар