Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1349201
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның Хафтер туралы сөздерін жариялаған.  Хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған кеше Сенегал мемлекет басшысы Маки Саллмен баспасөз брифингін өткізді.  Ердоған «Идлибте де шекарамызға қарай көш толқыны келе жатыр.  Шараларымызды қолданудамыз» деді.  «Хафтер – легионер, ақылы әскер.  Хафтердің халықаралық аренада абыройы жоқ» деген Ердоған «Хафтер Каддафиге де опасыздық жасады» деді.

Стар газеті Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне орын берген. ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігі Сирияда әкімшілік күштерінің Идлибтегі шабуылдарын жалғастырғанын айтып, «Аймақтағы бақылау және барлау пункттеріміздің қауіпсіздігі нұқсан келтіретін істеріне заңды қорғаныс шеңберінде жауап береміз» деп мәлімдеді.

Йени Шафак газеті Францияның 4 азаматының еліне қайтарылғанын білдірген.  Ішкі істер министрлігі Франция азаматтығы бар 4 террористтің елден шығарылғанын хабарлады.  Министрліктің хабарламасында шетелдік террористтерді елдеріне қайтару процесінің жалғасып жатқаны,  осы аяда Франция азаматы 4 террористтің еліне жіберілгені айтылды.

Сабах газеті «Түрік Әуе жолдарынан жаңа шешім» деген хабар жариялаған.  Қытайдың Ухан қаласында шығып, әлемнің барлық жеріне тараған жаңа коронавирус түрі салдарынан Түрік Әуе жолдарынан бір хабарлама жарияланды. Түрік авиакомпаниясы Қытай рейстерінде міндет атқаратын борт қызметкерлерінің демперде мен резеңкелі қолғап тағатынын хабарлады.

Ватан газеті су өнімдері экспортына орын берген. Балық түрлерімен әлемде брендке айналған түрік су өнімдері саласы Қаратеңіз арқан балығы деп аталып кеткен алабалық түрімен де табысқа жеткізі келеді. Әлем нарығында «түрік арқан балығы» деп сатылған балықтың экспорты 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 7 пайыз артты.  Осы балықтың экспортынан 29 миллион доллар табыс түсті. Осының 16 миллион долларлық бөлімі Ресейге сатылды. Артынан 8 миллион доллармен Вьетнам, 3,5 миллион доллармен Жапония келеді.



Ұқсас жаңалықтар