Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1346582
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Чавушоғлұ: Атыс тоқтатылса Ливияға қосымша әскер жіберілмейді» деген хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда  Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Ливияда атысты тоқтату келісіміне бойсынған жағдайда, Түркияның осы елге қосымша әскер жібермейтінін білдірді. Ливияда ең маңызды критерийдің атыстың доғарылуы екенін түсіндірген Чавушоғлұ мемлекетте саяси процеске шоғырланатындарын айтты.  

Йени Шафак газеті «Хафтердің азаматтық ұшақтарды атамыз деп құқай көрсетуі Түркияның қолын күшейтеді» атты тақырып қолданды. Газет Ливияда Хафтер күштерінің Митига әуежайын зымырандармен бомбалаған кезде, Триполиге жақындаған азаматтық ұшақтарын атамын деп құқай көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда бұл мәлімдемелердің Түркияның қолын күшейтетіндерін түсіндірген зейнеткер ұшқыш генерал-майор Беязыт Караташ «Түркия Ливияға әуе қорғаныс жүйелерін жіберді. Түрік әуе күштері Хафтер нысаналарын ата алатын күште. Енді атысты тоқтатуды қаламаған Хафтер ойласын» деген сөздер қолданды.

Стар газеті хабарын «Столтенберг: Түркияның НАТО мүшелігінің маңызын түсінуге мәжбүрміз» деген тақырыбымен берді. Газет НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Түркияның өте маңызды бір НАТО одақтасы екенін мәлімдеп, «Түркияның НАТО мүшелігінің маңызын түсінуге мәжбүрміз» дегеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Столтенберг Түркия жайлы «Түркия көптеген себепті өте маңызды бір НАТО одақтасы болып табылады. НАТО миссиясы және операцияларға үлес қосқан Түркия сонымен қатар ДАИШ-ке қарсы жеткен табыстарда өте маңызды рөл ойнады» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «2019 жылы Түркияның қорғаныс және авиация экспорты 2.4 миллиард долларға ұласты» атты хабарға орын берді. Газет 2019 жылы Түркияның қорғаныс және авиация экспортының өткен жылмен салыстырғанда 35 пайыз артып, 2.4 миллиард долларға ұласқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияда қорғаныс және авиация өнеркәсібінде 50 мыңға тарта қызметкер жұмыс істейді. Түркия болашақтың соғыс ұшақтары, ұзақ атымды әуе қорғаныс жүйелері, жер серігі жүйелері сынды салаларда өнімдерін дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар жаһандық фирмалармен бәсекелесе алатын өнімдерді дамытуда.

Ватан газеті «Берат Албайрак: Түркия экономикалық жақтан  үлкен бір өзгеріс процесінен өтті» деген тақырып қолданды. Газет Қазына және қаржы министрі Берат Албайрактың Түркияның өндіріс тұрғысынан жаңалық жарататын және белсенді жеке секторларға ие екенін түсіндіргенін жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда Жаңа экономикалық жүйенің жақсы нәтиже бергенін білдірген Албайрак өсім деңгейлерінің және инфляцияның түсірілуінен де бұны көруге болатынын баяндады. Албайрак Түркияда Орталық Банкінің Америка Құрама Штаттары Орталық Банкісі сияқты тәуелсіз екенін атап өтті.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар