Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1341789
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Чавушоғлу Мысырға наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше бір телеарнаның бағдарламасындасыртқы саясаттағы соңғы жаңалықтарды бағалады. Министр Чавушоғлу жасаған мәлімдемеде «Анадолы агенттігі Каир офисіне Мысыр полициясының операциясын қабылдамаймыз, қажетті байланысты жасаудамыз» деді.

Хабер түрік газеті «Министр Акар: Ливияда атысты тоқтату ықтималы қалмағанын айту үшін әлі ерте» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның талпынысының әрі Ливияда, әрі Сирияның Идлиб аймағында саяси шешім арқылы бейбітшілік пен төгілген қанды тоқтатуды қамтамасыз ету екенін білдірді. Кеше Анкарада журналисттермен бас қосқан Акар Ливияда атысты тоқтату ықтималы қалмағанын алға тартқандарға «Мұны айтуға әлі ерте. Бұл жайлы жұмыстар жалғасуда» деп жауап қайтарды.

Ватан газеті «Министр Пекджаннан Мароккода екі жақты инвестиция салу шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Рухсар Пекджан Нигериядағы байланыстарын аяқтап Марокконың бас қаласы Рабатқа өтті. Министр Марокко корольдігі Өнеркәсіп, сауда, жасыл және сандық экономика министрі Моулай Хафид Элаламимен бас қосты. Пекджан осында жасаған мәлімдемеде Марокконың Түркияның маңызды ортақтарының бірі екенін, түрік инвесторлардың бұл елге одан көп инвестиция салуын қалағандарын атап, «Марокколық іскерлерді де Түркияға инвестиция салуға шақырамыз» деді.

Стар газеті «Түркияның автобус, кіші автобус және мидибус экспорты 2 миллиард доллардан асты» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның экспортында жылдық тұрғыдан  бірінен соң бірі 14 рет бірінші орынды иелеген автокөлік өнеркәсібі төменгі салаларының бірі «автобус-минибус-мидибус» сыртқы саудасы 2019 жылы 2 миллиард доллардан асты. Сала өткен жылы ең көп Францияға экспорт жасады.

Йени Шафак газеті «Түркияда 2019 жылы соңғы 49 жылдың ең ыстық төртінші жылы болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда өткен жылы ауа температурасы 49 жылдың ең ыстық төртінші жылы ретінде тіркелді. Метеорология бас дирекциясының мағлұматтарына қарағанда өткен жылы орташа температура 1,3 градус артып, 14,8 градус-қа ұласты.



Ұқсас жаңалықтар