Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Мәскеуде Ливия мәселесі қолға алынды. Бұл Түркияның дипломатия жеңісі» деген хабарға орын берді. Газет Ресейдің астанасы Мәскеуде өткізілген және барша әлем назар аударып отырған Ливия кездесуінен болымды нәтиже шыққанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Ливияда атыстың тоқтатылуы үшін бір мәтін дайындағандарын айтты. Мәтінге Ұлттық келісім үкіметі премьер-министрі   Фаиз Мустафа ас-Сарадж қол қойды. Төңкерісші Хафтер күштері болса уақыт беруін  сұрады.

Ватан газеті «Президент Ердоған Германияға барады» атты тақырып қолданды. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Берлин Конференциясына» қатысу үшін 19 қаңтарда Германияның астанасы Берлинге баратынын мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның талпынысының нәтижесінде Ливияда жасалған атысты тоқтату келісімі және Шығыс Жерорта теңізінде болған оқиғалар Конференцияның басты күн тәртібі болады. Конференцияға қатысқан елдер атыстың түбегейлі тоқтатылуы және Ливиядағы дағдарысқа саяси шешім ізденістері аясында пікір алмасады.

Хабер Түрік газеті хабарын «Канал Стамбулға шетелдіктер қызығуда» деген тақырыбымен берді. Газет Қатынас және инфрақұрылым министрі Джахит Турханның Канал Стамбул-дан өтетін кемелерден алынатын ең төменгі жылдық ақының 1 миллиард доллар мөлшерінде болатынын білдіргеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда голландиялық, бельгиялық және француз фирмалардың Канал Стамбул жобасына қатты қызыққанын түсіндірген Турхан Канал Стамбулға неліктен мұқтаж екенін баяндады. Турхан Босфордың халықаралық теңіз тасымалдауында қолданылған бір су жолы екенін атап өтті.

Йени Шафак газеті «12 айлық ұлттық бюджет тапшылығы ең көп 2 миллиард 725 миллион доллар болды» атты хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда  ұлттық бюджет тапшылық есебі 2019 жылының соңғы жарияланған санақтары бойынша 12 айлық ұлттық бюджет тапшылығы ең көп 2 миллиард 725 миллион доллар болды. Туризм кірістері 2018 жылының қараша айымен салыстырғанда 177 миллион доллар төңірегінде артып, 1 миллиард 414 миллион долларға көтерілді.

Стар газеті «Сауда министрі Рухсар Пекжан Африкаға барады» деген тақырып қолданды. Газет Сауда министрі Рухсар Пекжанның бүгін Нигерияға ресми іссапармен барып, жаңа ынтымақтастық мүмкіншіліктерін іздестіретінін мәлімдеді.  Газеттің хабарына қарағанда министр Пекжанның Нигерияның сапарына Африка елдерімен сауда жасаған және инвестиция салған іскерлер де серік болады. Пекжан Нигерия сапарынан кейін 15 қаңтарда Марокко-Түркия Инвестиция және Бизнес Форумы мен Марокко-Түркия Ортақ Комитет жиналысына қатысу үшін Марокконың астанасы Рабатқа барады.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар