Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1336719
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті Президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның сөздеріне орын берген.  президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркияның Ливиядағы басымдығының атысты тоқтату екенін айтты.  Калын кеше кабинет жиналысы барысында жасаған мәлімдемесінде «Ливияда біздің басымдығымыз қақтығыстардың дереу тоқтауы,  бітім жариялануы және Хафтердің сәуір айындағы орнына қайта оралуы» деді.

Ватан газеті «Түркия шекарасына 31 мың адам көшіп келді» деген хабарға орын берген. Сирияда Асад әкімшілігі, Ресей және Иран қолдап отырған қарулы топтардың Идлибтегі бомбалауы салдарынан 31 мың адам Түркия шекарасына жақын жерлерге көшіп келді. Осылайша қараша айында басталған шабуылдардан қашқандардың саны 359 мың 471-ге жетті.

Стар газеті «Америка Құрама Штаттарының бір азаматы еліне қайтарылды» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттары азаматы бір террорист кеше еліне қайтарылды.  Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Хүрриет газеті әуежолдары жолаушылары жөнінде бір хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда, Қатынас және инфрақұрылым министрі Джахит Турхан Түркияда әуежайларында өткен жылы 209 миллион 92 мың 548 жолаушыға қызмет берілгенін білдірді. Министрдің айтуынша, әуежайларында жүк көлемі ішкі желіде 819 мың 540 тонна, сыртқы желіде 2 миллион 616 мың 883 тоннаға жетті.

Сабах газеті болса экономика хабарына орын берген.  Хабарға қарағанда,  Түркия өткен жылы ең көп жаңғақты Италияға сатты. Әлемдегі орман жаңғағы өндірісі және нарығының көбін қолында ұстап тұрған Түркия 2019 жылы ең көп жаңғақты Италияға сатты.  Түркия 121 елге 319 мың 772 тонна жаңғақ сатып, 2 миллиард 28 миллион 727 мың доллар табыс тапты.  Италияға 547 миллион 588 мың долларлық 83 мың 898 тонна жаңғақ сатылды.



Ұқсас жаңалықтар