Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «»Ердоған Ұлыбританияда журналисттермен әңгімелесті: Екінші төрттік саммит Стамбулда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Коммуникация басқармасынан кеше жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған Ұлыбританияда журналисттермен әңгімелесті. Ердоған: «Төрттік саммитті кем дегенде жылына бір рет өткізуге шешім қабылдадық. Екінші саммит ақпан айында Стамбулда өтпек» деді.

Хүррийет газеті «Чавушоғлунан Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына FETÖ-ге қарсы ескерту» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Фетуллахшы террор ұйымына бағынған тұлға мен топтардыңЕуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) кейбір жиналыстарына қатысқандарын атап, «Бұл террористік топ түрік демократиясын құлдыратуға әрекет жасаған 2016 жылғы төңкеріс бастамасының актерлері» деді.

Ватан газеті «Стамбулдың турист саны соңғы 5 жылдың ең биік сатысына ұласты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбулда биылдың алғашқы 10 айлық мерзімінде 12 миллион 690 мың 576 шетелдік турист елге келді. Ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында Стамбулды аралаған 965 мың 115 шетелдік турист санымен Германия алғашқы орынды иеледі.

Стар газеті «Түркияның алғашқы ғарыштық радиацияны сынақтан өткізу инфрақұрылымы ашылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның алғашқы Бөлшектердің радиациялық сынағының инфрақұрылымы болу ерекшелігіне ие Таяу Шығыс Техникалық Университеті Шашыраған байлам желісін ашты. Жобамен Түркияның жер серігі және ғарыш жұмыстарында шетелге бағыныштылықтың азайтылуы күтіледі.

Сабах газеті «Президенттік Инвестиция офисі басшысы Эрмут: Түркияға шетелдік инвестиция артуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік Инвестиция офисі басшысы Арда Эрмут бүкіл әлемде шетелдік инвестициялардың азайғанын, Түркияда керісінше артқанын жариялады. Эрмут мұның Түркия инвестиция салу үшін үлкен бір мүмкіншілік екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар