Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия тақырыбында аймақтық және әлемдегі жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Біз Сирия жеріне көз тікпейміз, бірақ көз тігетіндер кетсін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ұлттық қауіпсіздігі күн тәртібіне келетін болса, ешкімнен рұқсат сұрамай операция жасай алатын бір ел екенін атап көрсетті. Сириядан террористтер шыққанша бұл елде қалуды жалғастыратындарын атап көрсеткен Ердоған «Біз Сирия жеріне көз тікпейміз, бірақ көз тігетіндер  кетсін» деді.

Стар газеті «Түркия НАТО саммитінде қалағанын алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың Түркияның наразылықтарына қарамастанYPG-нің террор ұйымы ретінде танылуының алдын алуының артынан Түркияның да Балтық елдерінің жаңа қорғаныс жоспарын вето етуіндегі табандылығын жалғастырумен басталған НАТО Басшылар саммитінен Анкара қалаған нәтиже шықты. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг жариялаған декларацияға одақтың 2015 жылы жариялаған және YPG-нің террор ұйымы екенін көрсеткен құжатына сілтеме жасалып, «Террордың барлық түрлері мен көрінісі баршаға қауіп төндіруде» бабы қосылды.

Йени Шафак газеті «Түркия Шығыс Жерорта теңізінде ойналған ойынды бұзды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Ливиямен қол қойған теңіз жауапкершілік келісімін бағалаған Энергия министрі Фатих Дөнмез «Бұл келісіммен Шығыс Жерорта теңізінде Түркияны шеттетіп, ойыннан шығарғысы келгендерге қажетті жауап қайтарылды» деді. Дөнмез «Әрі Ливияны, әрі Түркияны бұл ойыннан тыс қалдырғылары келетін. Халықаралық теңіз құқығына қарағанда, бұл келісім дұрыс болды» деп мәлімдеді.

Сабах газеті «2020 - Түркия жылы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік экономикасының жылдам өсуі жергілікті және шетелдіктердің инвестициялық шабытын арттырды. Елде 2020 жылы өсудің жылдамдап, шетелдік капитал кірісінің артатыны болжалады. Әлемде тікелей инвестициялар 13 пайыз азайған 2018 жылы Түркияның шетел инвестициялары 13 пайыз өсті. 2020 жылы болса 15 миллиард доллардан астам шетел капитал кірісі күтіледі.

Хүррийет газеті «Әлемнің ең көп турист аралаған қалалар тізімі жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Салалар, елдер және тұтынушылар жайлы бүкіл әлемде стратегиялық зерттеулер жүргізген Ұлыбританиядағы «Euromonitor International» мекемесі туристтер ең көп аралаған қалалар рапортын жариялады. Рапортқа қарағанда Стамбул және Анталия да тізімде орын алды. Стамбулды 2018 жылы 13 миллион 433 мың, 2019 жылы болса 14 миллион 715 мың 900 адам аралаған. Анталия қаласына  2018 жылы 12 миллион 438 мың 800, 2019 жылы да 13 миллион 332 мың 100 турист келген.



Ұқсас жаңалықтар