Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті НАТО жиыны жөніндегі хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған НАТО Лидерлер саммиті үшін Ұлыбританияның астанасы Лондонға барды.  Осында өткен Сирия тақырыпты төрттік саммитте 4 тілде жарияланған «Стратегиялық одақтың мықты мүшесі – Түркия» атты кітапты президент Ердоған Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Франция президенті Эммануэль Макронға берді. Түрік, ағылшын, француз және неміс тілдерінде дайындалған кітапта бір НАТо мүшесі ретінде Түркияның одаққа қосқан үлестері мен атқарған міндеттері жөнінде мәліметтер орын алады.

Ватан газеті «Литвадан Түркияға сенім» атты хабар жариялаған.  Литва Сыртқы істер министрі Линас Линкевичиус Америка Құрама Штаттарының сепаратистік террорлық ұйым YPG/PKK қауіп ретінде орын алған жоспарға қарсы шығуына орай Түркияға сенетіндерін,  проблемаға байланысты жұмыстарының жалғасатынын айтты.

Хабер Түрік газеті экономикалық хабарға орын берген.  Катар Қаржы орталығының басшысы Юсуф әл Жайда елінің Түркияда инвестиция салуды жалғастыратынын хабарлады.  Тек банк секторында ғана емес,  жылжымайтын мүлік секторында да. 10 миллиард долларлық уәденің 35 пайызының жүзеге асырылғанын білдірген Жайда «Түркияға кететін тағы  7 миллиард доллар бар» деді.

Йени Шафак газеті Стамбул жайлы бір хабарға орын берген. Ұлыбританиядағы «Euromonitor International» атты ұйым «әлемде ең ұнатылған метропол қалалар тізімін» жариялады.  Тізімде Түркияда Стамбул орын алды. Стамбулға келушілер санының 25,2 пайыз артқаны, қалаға 14 миллион 400 мың шетелдік турист келгені назар аударды.

Стар газеті Ислам Ынтымақтастық ұйымының істері арасында 28 қараша-1 желтоқсан күндері арасында Халал жәрмеңкесінің жетіншісі болды.  Халал жәрмеңкесіне биыл 40 мыңға жуық адам келді.  75-тен астам елден делегация келді. 50 ел өз өнімдерін таныстырды. 10 елден келген 270 аспаз болса Халықаралық Аспаздар кубогына қатысып, жарысты.



Ұқсас жаңалықтар