Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған мен Путин 8 қаңтар күні Стамбулда кездеседі» деген хабар жариялаған.  Ресей Президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеде президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің 8 қаңтар күні Стамбулда бас қосатыны айтылды.  Кремль баспасөз хатшысы Дмитирий Песков Путин мен Ердоғанның орыс газын Қаратеңіз бен Түркия арқылы Еуропаға жеткізетін Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісін ашуды жоспарлағандарын білдірді.

Ватан газеті «Түркияны Ливиямен көрші қылған келісім» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ливия Ұлттық келісім үкіметінің Басшылар кеңесі төрағасы Файез әл Сарраж 27 қараша күні «Теңіз өкілеттік алаңдарының шектелуіне байланысты келісімге» қол қойды. Сыртқы істер министрлігі Екі жақты саяси істер және теңіз-авиация-шекара бас директорының орынбасары Чагатай Ерджиес Түркия мен Ливияны теңізден көрші қылған келісімнен кейінгі шекараны көрсететін картаны әлеуметтік желіде жариялады.

Хабер Түрік газеті НАТО жөніндегі хабарға орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрлі Халықпен байланыс департаменті офицері Олжай Денизер баспасөз брифингін өткізді.  Ол Түркия 1952 жылы мүше болған НАТО-да халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылыққа маңызды үлес қосқанын білдірді.  Денизер: «НАТО еліміздің қауіпсіздігін қамдауда маңызды ролге ие, еліміз де әрқашан өз жауапкершілігін орындады,  орындауын жалғастырады» деді.

Хүрриет газеті министр Берат Албайрактың сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда,  Түркия биылғы үшінші кварталда 0,9 пайыз өсті. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак әлеуметтік желіде жазба жариялап, жылдың төртінші кварталына байланысты көрсеткіштерге қарағанда Түркияның өсім бағытының артатынын білдірді. Албайрак «5 пайыздық өсім мақсаты үшін өнеркәсіпте қосымша құнды арттыруға, әсіресе инвестициядағы серпінді жылдамдатуға, өндіріс пен жұмысқа орналастыруға бағытталған салаларды нығайтуға шоғырланамыз» деп жазды.

Стар газеті әлемге танымал экономист Нуриэ́ль Руби́нидің сөздерін жариялаған. Әлемге әйгілі экономист Рубини Түркия экономикасының өткен жылдың екінші жартысында валюта дағдарысы және қаржы қысымы нәтижесінде болған тоқырау кезеңінен шыққанын білдірді. «Экспорт бәсекеге ашық. Түркияда экономикалық өсім оң бағытта жүреді және алдымыздағы жыл үшін өсім 3 пайыз шамасында болады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар