Түрік баспасөзіне шолу
Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңлықтарға орын берген.

Хабер Түрік газеті «Трамптың PKK наразылығына Анкара қатаң жауап қайтарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымыPKK-ның Сириядағы тармағы YPG/PYD-ге берген қолдауы НАТО-да дағдарысқа жол ашты. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі PKK/YPG/PYD-ні Түркияға бағытталған қауіп ретінде қабылдаған НАТО жобасына наразылық көрсеткен соң Анкара да одақтың Балтық елдері мен Польшаға бағытталған қауіпсіздік жоспарына қолдау бермеді.
Стар газеті «Түркия 10 жыл ішінде өте күшейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Geopolitical Futures» фирмасының құрушы төрағасы және саясаттанушы Джордж Фридман Түркияның 10 жылдың ішінде үлкен бір күшке айналғанын атап көрсетті. Фридман бұдан 10 жыл бұрын «Түркия АҚШ және Ресеймен бірдей үстелде отыратын және тең сөйлеу құқығына ие болады» делінсе осыған сенбес едік. 10 жыл өтіп, қазір мүлдем басқа бір Түркиямен бетпе-бетпіз. Түркия қазір шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, мықты одақтасын өзі таңдауда» деді.
Ватан газеті «Министр Албайрак: Орталық Банк пен мемлекеттік банктер тарихтың ең үлкен табыстарын жариялайды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак «Орталық банк және мемлекеттік банктер тарихындағы ең үлкен табыстарын жариялайды» деді. Албайрак «4-ші ширектегі белгілер болымды кестелер ұсынады. Болжамға қарағанда 4-ші ширекте 4-5 пайыз өсеміз» деді. Албайрак «2019 жылы да 84 тонна алтын экспорттадық» деді.
Сабах газеті «Халықаралық несие бағалау мекемесіне қарағанда Түркия болымды өседі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық валюта қоры (IMF), Экономикалық ынтымақтастық және өркендеу ұйымы (OECD), халықаралық қаржы мекемелері және бағалау мекемелері Түркияның 2019 жылын болымды өсу көрсеткіштерімен аяқтайтынын болжайды. Болжамдарға қарағанда Түркия 2020 жылы да 3,5 пайыз өседі.
Хүррийет газеті «National Geographic 2020 жылы аралайтын ең керемет орындарды жариялады. Тізімде Түркиядан да бір жер бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемге танымал «National Geographic» журналы оқырмандары үшін «2020 жылы аралайтын ең қызық орындар» тізімін жариялады. Журналдың тізімінде Түркияның Шанлыурфа қаласындағы Гөбеклитепе де орын алған. БҰҰ Ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Гөбеклитепені Әлем мұра тізіміне енгізген болатын.