Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1310078
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан «Президент Ердоғаннан маңызды мәлімдемелер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған  кеше Әділет және даму партиясының қала басшылары жиналысында Түркияның соңғы жылдары аймақтық тұрғыдан маңызды қадамдар басқанын атап көрсетті. «Қаласа майданда, қаласа үстелде болсын, еліміз бен ұлтымыздың болашағына төнетін барлық қауіптерді жоюға табандымыз. Тек қана соңғы бірнеше жылда Сирияда, Иракта, Шығыс Жерорта теңізінде, босқын мәселесінде және көптеген тақырыпта қол жеткізген жетістіктер үлкен табыстардың хикаясы» деді ол.

Сабах газеті «Чавушоғлу Еуропарламент төрағасы Сассолимен бас қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропарламент төрағасы Дэвид Сассолимен бас қосты. НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысу үшін кеше Бельгияның Брюссель қаласына барған Чавушоғлу кездесумен байланысты әлеуметтік медиа парақшасынан «Брюссельде Еуропарламент төрағасы Дэвид Сассолимен шынайы және болымды бір жиналыс өткіздім» деді.

Йени Шафак газеті «Сойлу: 368 мың 217 сириялық еліне оралды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше жасаған мәлімдемеде пилотсыз ұшақтар арқылы жерлері анықталған биыл 363, жалпы алғанда мың 144 террористің залалсыздандырылғанын атап көрсетті. Сондай-ақ министр Сойлу террор ұйымдары ДАИШ және PKK/YPG-ге жасалған операциялар нәтижесінде 368 мың 217 сириялықтың еліне кері оралғанын білдірді.

Хүррийет газеті «Түрік ағынында екі құбыр желісі де табиғи газбен толтырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыс энергия фирмасы ГаПром Түрік ағыны жобасы аясында салынған екі құбырдың да газбен толтырылғанын жариялады. ГазПром жасағанмәлімдемеде Түрік ағыны құбыр желісіне табиғи газды қамтамасыз ететін Ресейдің Анапа қаласындағы Русская Компрессор стансасының жұмысқа дайын екенін атап көрсетті.

Стар газеті «Отандық қаруландырылған пилотсыз ұшақтарда жаңа ерекшелік: Жасанды интеллектпен ажыратады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Электроникалық соғыс жүйелері инженерлігі Бас директоры Абдуллах Чавушоғлу отандық қаруландырылған пилотсыз ұшақтарда (SІHA) қолданылған бейне камералардың ерекшелігіне тоқталды. Чавушоғлу террорлық жұмыстарды анықтауға және рапорт дайындауға көмектесетін жетілдірілген жасанды интеллект арқылы террорлық жұмыстарды, азаматтық жұмыстардан ажырата алғандарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар