Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1308207
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Әл-Баб ауданында бомба тиелген көлікпен 18 адамды қырған террорист ұсталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Сирияның солтүстігіндегі Әл-Баб ауданында алдынғы күні бомба тиелген көлікпен 18 жазықсыз адамның өліміне жол ашқан және кем дегенде 30 адамды жаралаған PKK/YPG-лік террористің Ұлттық барлау ұйымының операциясымен ұсталғаны білдірілді.

Йени Шафак газеті «Шетелдіктер өз тілдерінде Түркияны түсіндірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Коммуникация басқармасы тарапынан дайындалған 7 шетелдіктің өз тілдерінде Түркияны түсіндірген «Түркияда өмір сүрген шетелдіктер» тақырыпты фильм бүкіл әлемде әлеуметтік желі және сандық платформаларда танытылады. Шетелдіктерге қойылған «Түркия деген кезде жадыңызға түсетін алғашқы 3 сөз не?» деген сұраққа қайтарылған жауаптарға орын берілген фильмде Түркияның тарихиы мәдениеті және табиғи мекендерінің көріністері кең орын алады.

Хабер Түрік газеті «Түркия 10 айлық мерзімде фундук өндірісінен шамамен 1,6 миллиард доллар табыс түсірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия 1 қаңтар-31 қазан арасында 100-ден астам мемлекетке 251 мың 293 тонналық фундук экспорттады. Осы экспорттан 1 миллиард 578 миллион доллар тапқан Түркия аталмыш кезеңде ең көп фундук экспортын Италияға жасады.

Сабах газеті “Стамбул әуежайы мен екі халықаралық әуежай келісім жасады” атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы Қытай Халық Республикасы және Оңтүстік Корея  халықаралық әуежайларымен келісімдер жасады. Түркия және Оңтүстік Корея мен Қытай Халық Республикасы арасында авиация саласында ақпараттық желі қалыптастыру мақсатты қол қойылған келісімдер Стамбул әуежайы мен аталмыш әуежайлар арасында екі жақты ықпалды байланыс, ақпарат бөлісу, қызметкер жаттықтыру және ортақ нарықтық шараларды қамтиды.

Хүррийет газеті «Таркан 11 жылдан кейін Венада концерт берді»  атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда түріктің танымал әншісі ТарканАвстрияның Вена қаласында концерт қойды. Тарканның Еуропа туры аясында «Wiener Stadthalle»-де берген концерті музыка сүйер қауымды тәнті етті. Таркан 11 жылдан кейін барған Венада концертінің табысты өткенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар