Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Президент Ердоғанның үндеуіне барша халық жұмылды» деген хабарға орын берді. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның  жыл сайын 11 қараша күнінің «Ұлттық ағаш отырғызу күні» ретінде тойланатынын хабарлады.Газеттің хабарына қарағанда Егіншілік және орман министрлігінің «Болашақтың тынысы бол» деген ұранмен 28 қазан күні хабарлаған 11 миллион көшет отырғызу кампаниясына халық қызығушылық көрсетті. 11 миллион 47 мың 430 көшет нысанасы бірнеше күн ішінде жүзеге асып, отырғызылған көшет саны 12 миллион 915 мың 319-ға ұласты. Президент Режеп Тайып Ердоған да 11 қараша күні сағат 11.11-де барша халыққа үн қатып «81 уәлаятта 2023 жерде 3 сағат ішінде 11 миллион көшет отырғызып, әлемдік рекорд жаңалауға тырысамыз. Осы акцияға азаматтарымыздың толық қолдау беретініне сенемін» деген еді.

Йени Шафак газеті «АНКА » 26 сағат 30 минут ұшып, жаңа бір рекорд жасады» атты тақырып қолданды. Газет Ұлттық ұшқышсыз әуе аппараты «АНКА»-ның бір тәуліктен де ұзын мерзім ұшқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ұлттық көлік «АНКА» күні мен түні,  қоласыз ауа шарттарында да барлау,  бақылау,  тұрақты/қозғалысты нысананы анықтау,  көрініс түсіру міндеттерін орындай алады.

Стар газеті хабарын «АҚШ: Түркия ұшақтарымызды қадағалай бастайды» деген тақырыбымен берді. Газеттің Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі хатшысы Эллен М. Лордтың Түркияның Ресейден алған S-400 әуе қорғаныс жүйесімен таяуда аймақтағы ұшақтарды бақылауға дайын болатынын мәлімдегенін білдірді. Газеттің хабары бойынша Эллен М. Лорд Пентагонда ұйымдастырылған брифингінде журналисттердің сұрақтарына жауап берді. Лорд жасаған мәлімдемесінде Түркияның S-400 әуе қорғаныс жүйесін осы жылдың аяғына қарай толыққанды түрде іске қосатынын айтты.

Сабах газеті «Еуропа Одағы: Түркия экономикасы тез қарқынды түрде тұрақтанды» атты хабарға орын берді. Газет Еуропа Одағының 2019 жылының күзгі экономикалық болжам рапортында Түркия экономикасының өткен жылғы валюта дағдарысынан кейін қаржылай ынталандыру және экспорттағы өсу арқылы күтілгеннен тіпті тез тұрақтанғанына назар аударды. Газеттің хабарына қарағанда рапортта Түркия экономикасының 2020 жылында 3,1 пайыз,  2021 жылында 3,5 өсетінін жайлы болжамы орын алды.

        

 



Ұқсас жаңалықтар