Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1299773
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоғаннан Сирия шекарасына тосын сапар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп тайып Ердоған Шанлыурфадағы Құрлық Күштері Қолбасшылығы ортақ операция орталығына барып, Бейбітшілік бұлағы операциясымен байланысты мағлұмат алды. Бағдарламада Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акарға қоса, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер, Құрлық Күштері қолбасшысы Генерал Үміт Дүндар, Әуе күштері қолбасшысы генерал Хасан Күчүк Акйүз, Теңіз Күштері қолбасшысы адмирал Аднан Өзбал және Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун да орын алды.

Йени Шафак газеті «Нәрестелердің қанішеріYPG/PKK-ға қазан айында ауыр соққы» тақырыпты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда халықтыңбейбітшілігі мен қауіпсіздігін бұзғысы келген бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға бағыттап қазан айында жасалған операцияларда 1 мың 90 террорист залалсыздандырылды. Залалсыздандырылған террористтер арасында қызыл категорияда іздеу салынғандар тізіміндегі 2 террорист бар екені білдірілді. Түркияның оңтүстік шекарасында террорлық мемлекеті құруға тырысқан террор ұйымын жою, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық әкелу мақсатты 9 қазан күні басталған Бейбітшілік бұлағы операциясымен ұйымға ауыр соққы берілді.

Хабер түрік газеті «Түркиядан АҚШ және Францияға айыптау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі армян қырғыны айыптауын қабылдаған АҚШ Өкілдер Мәжілісі мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ні одақтас ретінде таныған Франция Ұлттық Мәжілісін айыптады. Министрлік мәлімдемесінде «Тарихи шындықтарды назарға алмай армян айыптауларын қабылдаған АҚШ Өкілдер Мәжілісі мен PKK/YPG-ні одақтас ретінде танып, қолдау мәлімдемелері жасаған Франция Ұлттық Мәжілісін айыптаймыз” делінді.

Стар газеті «Ердоғанның шақыруымен қозғалды! Түркия үшін өндіреді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның ғалымдарымызға 'еліміздегі ғылым мен технологиялық бастамаларға қосылуға шақырамын' сөздерінің артынан әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрік дәрігерден жауап келді. Медицина саласында ашқан жаңалықтарымен көптеген халықаралық жүлдеге қол жеткізген ғалымдар Анкара Қалалық ауруханасы Халықаралық Веб парақшасында бас қосты. 14 мың ғалым денсаулық саласында әлемнің базасы болуды нысанаға алған Түркия үшін дәрі-дәрмек өндіріп, медициналық технологияларды жетілдіреді.

Хүррийет газеті «Қытайдан Еуропаға баратын алғашқы жүк пойызы 6 қараша күні Анкараға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытайдан жолға шығып, Түркия арқылы Еуропаға өтетін жүк пойызы «China Railway Express» Карс арқылы Түркия шекарасына өтті. Пойыздың Анкара станциясына 6 қараша күні келетіні, Қатынас және инфрақұрылым министрі Джахит Турхан қатысатын рәсіммен қарсы алынатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар