Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1291596
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Ұлттық қауіпсіздік тақырыбында өз шешімін өзі қабылдаған бір елміз» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда  президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ұлттық қауіпсіздік тақырыбында өз шешімін өзі қабылдаған бір ел екенін атап, осы тақырыпта ешкімнің рұқсатына қажеттіліктері болмағанын атап көрсетті. Сирияның солтүстігінде тек қана 9 күнде 765 террорист залалсыздандырылып, 1500 километрлік алаңды тазалағандарына назар аударған Ердоған «120 сағаттық мерзім аяқталғанда берілген уәделер орындалмаса, операцияны ары қарай жалғастырамыз. Американдық одақтастарымыздан Түркияға берген уәделеріне осы жолы бағынуларын күтеміз» деді.

Ватан газеті «Террор ұйымының екінші химиялық ойыны іске қосылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияның солтүстігінде Бейбітшілік бұлағы операциясымен ауыр соққы алған және АҚШ-тың бастамасымен берілген 120 сағаттық кері шегінуді бастаған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің химиялық қару қолданып, Түркияны айыптауды нысанаға алғаны білдірілді. Түрік барлау ұйымы Ирактан жолға шыққан террор ұйымының бақылауындағы химиялық қарулар тасымалданған 6 жүк көлігінің Семелка аймағынан Сирияның Камышлы аймағына өткені анықталды.

Йени шафак газеті «Хулуси Акар: Қару қорымызда 1 грамм химиялық қару жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Акар жалған және опасыз хабарлармен химиялық қару қолданылғаны жайлы қауесеттер жарияланғанын атап, Түрік Қарулы күштерінде химиялық қару, батареялары және оқ-дәрісі жоқ екенін білдірді. YPG/PKK мүшелерінің жалған хабарларына назар аударған Акар «Осы опасыздарға тек қана майданда емес, ақпараттық соғыстар аясында да күресіміз тығыз жалғасуда» деді.

Стар газеті «Түркия Еуразияның ақпарат орталығына айналады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия алдағы күндерде «Data Center Expo Eurasia» тақырыпты көрмеге қонақжайлық жасайды. 35 елден шамамен 250 марка Стамбулда алғаш рет ұйымдастырылатын осы көрмеде соңғы технологияларын таныстырады. 2019 жылы 28 қараша-1 желтоқсан күндері арасында Стамбул Көрме орталығында ұйымдастырылатын көрменің Түркияны аймақтық бір күш ретінде атауда маңызды бір іс-шара болып қабылданады. 

Хррийет газеті «Стамбул әлемнің ең жақсы қалаларының бірі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең сұлу қалалары жарияланды. Мыңнан астам саяхат авторы және агенттігімен сауалнама жүргізген саяхат парақшасы «Flight Network» 50 қаладан тұратын бір тізім жасады. Түркиядан Стамбул қаласы тізімде 17-орынды алды.



Ұқсас жаңалықтар