Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1285395
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Операция басталды» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Сирия операциясының басталғанын «Түрік Қарулы күштеріміз Сирия Ұлттық армиясымен бірге Сирияның солтүстігінде PKK/YPG және ДАИШ террорлық ұйымдарына қарсы «Бейбітшілік бұлағы» операциясын бастады» деп хабарлады.

Ердоған мақсаттың Түркияның оңтүстігіндегі шекарасында қалыптастырылуға тырысылған террор дәлізін жойып, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық орнату екенін атап көрсетті.

 Ол «Бейбітшілік бұлағы операциясы арқылы Сирияның территория тұтастығын қорғап, аймақ халқын терроризмнен құтқарамыз» деді.

Сабах газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымдарына қарсы кеше басталған Бейбітшілік бұлағы операциясына байланысты «Операция халықаралық құқық,  БҰҰ келісімінің 51-ші бабы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің терроризммен күреске байланысты резолюцияларына орай атқарылуда» деді.

Хабер Түрік газеті  Ибрахим Калынның АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісімен сөйлескенін жазған.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын кеше Америка Құрама Штаттарының Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Роберт Обрайнмен сөйлесті.  Телефон әңгімесінде Сирияның солтүстігінде сенімді аймақ қалыптастырылуы және осы салада бұдан кейін басылуы көзделген қадамдар қолға алынды.

Стар газеті «Текирдағда табиғи газ резерві табылды» деген хабар жариялаған. Түркия Мұнайлары серіктестігі тарапынан Текирдағдың Капаклы ауданында жүргізілген табиғи газ іздеу жұмыстары нәтиже берді.  Аймақта ауқымды газ қойнауы табылды.

Ватан газеті экономика хабарына орын берген. Хабарға қарағанда, Әлемдік банк түрік экономикасы үшін 2019 жылдың өсім болжамын өзгертті. 2019 жылы түрік экономикасының 1 пайыз тарылатыны жөніндегі болжамын 0,0 пайыз деп өзгерткен Әлемдік банк 2020 және 2021 жылдар үшін ұлттық табыстың өсім болжамын да 3,0 және 4,0 пайыз деп жариялады.



Ұқсас жаңалықтар