Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1281647
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті президент Ердоғанның әлеуметтік желідегі бір жазбасына орын берген.  президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда кеше басталған 4-ші Этноспорт Мәдениет фестивалі жайлы жазба жариялады.  Ердоған әлеуметтік желіде «Ұлттық спорттарымыз бен тамырлы мәдениетіміздің жандандырылуы және болашақ ұрпаққа жеткізілуі секілді маңызды міндетті орындаған 4-ші Этноспорт Мәдениет фестивалінің қайырлы болуын тілеймін» деп жазды.

Хүрриет газеті Қорғаныс министрінің сөздеріне орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі Марк Эспермен Сирияда сенімді аймақтың қалыптастырылуына байланысты жұмыстар жайлы телефонда сөйлесті.  Министр Акар Евфрат қалқаны операциясында ДАИШ-тің 3 мыңнан астам содырын залалсыздандырған Түркияның оңтүстігінде бір террор дәлізі құрылуына рұқсат бермейтінін атап көрсетті.  Акар телефон әңгімесінде Эсперге «Евфраттың шығысында шамамен 30 километрлік, шекара бойы ауыр қарулардан және террористтерден тазаланған сенімді аймақ/Бейбітшілік дәлізі құрылуы және кешіктіру болған жағдайда жұмыстың доғарылатынын және Түркияның табанды екенін» айтты.

Хабер Түрік газеті экономика хабарын жариялаған.  Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак экономикаға байланысты маңызды мәлімдемелер жасады.  Түркия мен Америка Құрама Штаттары сауда қатынастарына тоқталған Албайрак: «Сауда соғыстарынан табыспен шыға алатын жалғыз елміз.  АҚШ екі ел қатынастарын жетілдіру үшін мүдделі» деді.  Түркиямен сауда жасаудың басқа елдерге пайда тигізетінін атап көрсеткен министр: «Түркия – инвесторлар үшін тартымды ел» деді.

Стар газеті «Түркия бұрынғы теңгерімдерді бұзуда» деген хабар жариялаған.  Францияның Le Monde газеті Түркияның халықаралық аренада даусын естірткен және бұрынғы теңгерімдерді бұзған ел екенін жазды.  Анкараның жан-жақты сыртқы саясат жүргізгеніне назар аударған француз газеті анализінде өз ұлттық мүддесі үшін қажет болғанда күш қолдану,  жаңа одақтастар табу және жаһандық тәртіптің үдерісін талқылау себебімен бұрынғы теңгерімдерді бұзған елге айналғанын атап көрсетті.  Айырықша газет Түркияның енді жаһандық аренада даусының көп естіле бастағанын білдірді.

Йени Шафак газеті «Отандық спутник Стамбулды түсірді» деген хабарға орын берген. 2012 жылы ғарышқа ұшырылған Гөктүрік-2 серігі Жер шарынан шамамен 685 км биіктіктегі орбитасынан дата жолдауын жалғастыруда. Жабдықтарының 80 пайызы,  компьютерлік бағдарламасының 100 пайызы түрік инженерлері тарапынан жүзеге асырылған спутник Стамбулды түсірді.  Спутник Жер шарын 90 минутта айналып шыға алады.



Ұқсас жаңалықтар