Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1276023
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Барша үшін бейбітшілік пен әділет» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кеше АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас ассамблеясында жасаған мәлімдемеде әлем басшыларына нәресте Айлан мен миллиондаған босқынды, Израильдің тойымсыз басқыншылығын, Кашмир, Ауғанстан, Мьянманың трагедиясы және батыста кең тараған Ислам дұшпандығын еске салды. Ердоған көпшіліктің көңілінде орын тапқан осы тарихи баяндамасының соңында «Барша үшін еркіндік, барша үшін бейбітшілік, барша үшін әділет» тіледі.

Хүррийет газеті «Чавушоғлу понтилік министрге жауап қайтарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Бас ассамблеясы үшін барған Нью-Йоркта өзімен коридорда кездейсоқ кездескен понтилік әріптесімен әңгімелесті. Кипр Понти әкімшілігі Сыртқы істер министрі Никос Христодоулидистің «Неліктен тез арада федерация құру жөнінде келіспейміз?» деген сұрағына министр Чавушоғлу «Сенің лидерің мұны қабылдамады! Алдымен нені қолға алатынымызға шешім қабылдайық» деп жауап қайтарды.

Ватан газеті «IMF-тің Түркия мәлімдемесі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Халықаралық Валюта қоры (IMF) түрік экономикасында биыл кішірею күтпегенін жариялады. IMF жариялаған рапортқа қарағанда түрік экономикасының соңғы жылдары мықты өсу процесіне қол жеткізгені, ауқымды макро-экономикалық және құрылымдық реформалардың өсуіне қолдау бергені атап көрсетілді. IMF рапортында түрік лирасының күшейіп, ағымдағы шоттың теңгерімінде керемет жақсару байқалғанын атап көрсетті.

Хабертүрік газеті «Кушадасына 3 кемемен 2 мың 630 турист келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда круиз туризмінің маңызды орталықтарының бірі Айдынның Кушадасы ауданына 3 үлкен кемемен туристтер келді. Кушадасы Эгей портына кеше азанда Багам байрақты «Wind Star» мен «Seven Seas Voyager»-ға қоса Мальта байрақты «Celestyal Olympia» атты 3 круз кемесі аялдады. Кемелерден түскен көпшілігі американдық 2 мың 630 жолаушының бір қауымы автобустармен Эфес және Мариям ана турларына қатысса, кейбір жолаушылар мен мың 500 қызметкер аудан орталықтарын аралап, сауда жасады.

Сабах газеті «УЕФА Меліс Өзчиғдемді міндетке тағайындады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ФИФА-ның түрік әйел футбол төрешісі Мелис Өзчиғдем УЕФА Әйелдер чемпиондар лигасында Германияның Волфсбург және Косовоның Митровича командалары арасында бүгін ойналатын матчта матчты басқарады. Матчта Өзчиғдемге көмекші төрешілер ретінде Бетүл Нұр Йылмаз және Дейбет Гөк қызмет атқарады.



Ұқсас жаңалықтар