Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1273224
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Министр Сойлу кері оралған сириялық азаматтар санын жариялады» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу «Елімізде уақытша қорғау мәртебесімен тұрған сириялық саны 3,5 миллионнан асты. «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операцияларымен қалыптастырылған сенімді атмосфера арқасында бүгінге дейін 354 мың сириялық азамат өз еркімен елдеріне оралды» деді.

Сабах газеті «Селчук Байрактар хабарлады: 122 ел қатысты» деген хабарға орын берген. «Байкар» фирмасының техникалық директоры және Түркия Технология фондының Өкілетті кеңес төрағасы Селчук Байрактар «Текнофест Стамбул» Авиация,  ғарыш және технология фестиваліне қатысу көрсеткішінің жоғары екенін білдіріп: «Былтыр Текнофестке 60 елден 550 мың қатысушы келді. Биыл 122 елден келді. Түркияның түкпір-түкпірінен де келіп жатыр.  Алғашқы екі күнде 250 мыңнан астам адам келді» деді.

Ватан газеті «Түркияда өндірілген көліктер Еуропада» деген хабар жариялаған.  Автомобиль фирмаларының өндіріс орталығы Түркиядан қаңтар-маусым айларында 170 елге шамамен 13 миллиард долларлық моторлы құрлық көлігі экспортталды. Экспортта бірінші кезекте Еуропа елдері келеді.

Хабер Түрік газеті экономика хабарына орын берген.  Хабарға қарағанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы OECD сауда соғыстары және саясат белгісіздігі салдарынан жаһандық экономика және әлемнің алдынғы қатарлы елдеріне байланысты өсім болжамдарын төмендеткен кезде,  Түркия экономикасына байланысты 2019 жылғы болжамын жоғары қарай өзгертті.

Стар газеті спорт хабарына орын берген. Газеттің жазғанына қарағанда, түріктің футбол құрама командасы FIFA-ның әлемдік тізімінде 36-шы орынға көтерілді.  FIFA интернет парақшасында жарияланған қыркүйек айы әлемдік тізіміне қарағанда Бельгия ең жоғарыда орын алды.  Франция екінші орынға көтерілді.  Бразилия болса үшін орынға түсіп қалды.



Ұқсас жаңалықтар