Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1267934
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті Түркияның Нетаньяхудың сөздеріне наразылығын білдірген хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда,  Сыртқы істер министрлігі Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Иордания алқабын аннексиялау туралы сөздеріне наразылық білдірді.  Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында «Нетаньяхудың 17 қыркүйектегі сайлаудан жеңіп шыққан жағдайда, Батыс Шериядағы Иордания алқабы мен заңсыз елді мекендерді аннексиялайтыны жөніндегі сөздері - Израильдің басқыншылығы мен заңсыз істерінің жаңа көрінісі. Осындай заңсыз бастамаларды ешқашан қабылдамаймыз» деп айтылды.

Хүрриет газеті «Түркия мен Голландия арасында хаттамаға қол қойылды» деген хабар жариялаған.  Сауда министрі Рухсар Пекджан Голланлиямен Ортақ экономикалық және сауда комитеті шеңберінде ынтымақтастық хаттамасына қол қойғандарын білдірді.  Министр: «Хаттама екі жақты инвестициялар, стандартизация, энергия, қатынас, «ақылды» және жасыл қалалар, қайта өңдеу экономикасы,  ғылым, инновация және әйел кәсіпкерлер тақырыптарын қамтиды» деді.

Йени Шафак газеті «Brexit Түркия үшін мүмкіндіктерге толы» деген хабарға орын берген.  Президенттік аппарат жанындағы Инвестиция кеңсесі төрағасы Арда Ермут Түркия мен Ұлыбританияның мықты экономикалық қатынастары бар екенін айтты. Ол «Brexit-тен кейін қарым-қатынастарымыздың нығая жалғасатынына сенемін.  Түркия түбегейлі шешімге орай сауда-экономикалық байланыстар нығаятын бір сценарий шеңберінде қозғалады» деді.

Ватан газеті «Малайзияда түрік қорғаныс өнеркәсібі таныстырылды» деген хабар жариялаған. Малайзиядағы «Түрік дрондары және авиация индустриясы: Технология және мүмкіндіктер» атты іс-шарада Түркияда өндірілген Ұшқышсыз әуе көліктері және Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары таныстырылды.  Малайзия баспасөзі шараға үлкен ықылас танытты.  Іс-шарада айырықша Түркияда жаңа әуе аппараттары мен технологиялармен қоса Малайзиямен бірге атқарылатын жобалар да қолға алынды.

Сабах газеті «Еуропа Түркиядан киінеді» деген хабарға орын берген.  түркия қаңтар-маусым айларында 162 елге 3 миллиард 304 миллион 418 мың долларлық киім және аксесуар сатты. Экспортта алғашқы орындарда Еуропа елдері келеді. Түркиядан ең көп киім және аксесуар экспорттаған ел 645 миллион 906 мың доллармен Испания болды.  Испаниядан кейін 427 миллион 754 мың долларлық экспортпен Германия, 293 миллион 237 мың доллармен Ұлыбритания,  205 миллион 649 мың доллармен Голландия және 137 миллион 391 мың доллармен Франция келеді.



Ұқсас жаңалықтар