Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1267548
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Трамппен Еркін сауда келісімін күн тәртіпке алдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағандапрезидент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында 20 миллиард доллар деңгейіндегі сауда көлемін болуға тиісті деңгейінен төмен екенін атап көрсетті. Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінде осы көрсеткішті 100 миллиард долларға жеткізу тақырыбында ортақ көзқарас ортаға қойғандарын білдірді.

Ватан газеті «Еліміз Сириядан келетін жаңа бір көш толқынын көтере алмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге берген қолдауға тағы бір рет наразылық көрсетті. Террор ұйымы ДАИШ-тің жеңілгенін атап көрсеткен Ердоған «Сириялық босқындардың кері оралуына ең үлкен кедергі PKK/YPG сияқты террор ұйымдары болып табылады. Еліміздің Сириядан туындайтын жаңа бір көш толқынын көтеруі мүмкін емес» деді.

Стар газеті «Черногория Сыртқы істер министрі: Түркия біз үшін аса маңызды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Черногория Сыртқы істер министрі Срджан Дарманович Черногорияда инвестиция көлемі тізімінде түрік іскерлердің алтыншы орында екенін атап көрсетті. Түркияның Черногория үшін аса маңызды шетелдік инвесторлар қатарында орын алғанын және түрік іскерлердің Черногорияда құрметпен қарсы алынғанын атап көрсеткен Дарманович Черногорияға одан көп түрік инвестордың келуін күткендерін тілге тиек етті.

Йени шафак газеті «Пилотсыз ұшақ Акынджы ұшуға дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда отандық мүмкіншіліктермен жетілдірілген операциялық пилотсыз ұшағы Акынджының моторлары тұңғыш рет іске қосылды. Барлық сынақтардан табыспен өткен Акынджы соғыс ұшақтарының жүгін жеңілдететін болады. Акынджы әуеден операция, әуеден зымыран және F-16 соғыс ұшақтары тасымалдаған 1 тонналық бомбаларды да жеңіл тасымалдайтын болады. Қанаттарының ұзындығы 20 метр болған Акынджының 4,5 тонна ұшу салмағы болады.

Хүррийет газеті «Түрік әуе жолдарынан Оңтүстік Европада жеңілдік акциясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары Оңтүстік Еуропаға саяхаттаған жолаушылардың билет бағаларына арнайы жеңілдік жасайды. Акция Стамбул мен Анкарадан Италия, Испания, Франция, Мальта, Португалия және Грекияны қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар