Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1265846
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Чавушоғлұ Иран сыртқы істер министрімен телефонда сөйлесті» деген хабарға орын берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зарифпен телефон арқылы сөйлескенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда екі министр телефондағы әңгіме барысында Астана жиналысы және Сирия Атазаң комиссиясы тақырыптарын қолға алды.

Хабар Түрік газеті «Автомобиль экспорты тамыз айында 8 пайыз артты» атты тақырып қолданған. Газет Түрік автомобиль секторының тамыз айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 8 пайыз артып, 1,7 миллиард долларлық экспорт жасағанын жариялады. Газеттің хабары бойынша автомобиль секторы осылайша тарихта екінші рет ең жоғарғы тамыз айы экспорт санағына жетті.

Йени Шафак газеті хабарын «Экспортта тікелей рейстердің үлесі» деген тақырыбымен берді. Газет Түрік Әуе жолдарының биыл Мексика мен Демократиялық Конго Республикасына тікелей рейстер бастағанын, сондай-ақ осы елдерден көптеген турист келгенін және осы елдерге жасалған экспорттың артқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның Мексикаға экспорты 5 пайыз артса, Демократиялық Конго Республикасына болса 52 пайыз артты.

Стар газеті «Ұлттық технологияның нысанасы аспанда» атты хабарға орын берді. Газет Түркияның авиация және ғарыш жұмыстарына маңызды үлес қосатын TEKNOFEST фестивалының биыл  17-22 қыркүйек күндері аралығында өткізілетініне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк 1 миллион адамның қатысуы күтілген TEKNOFEST фестивалы арқылы авиация мен ғарыштың кейінгі ұрпақтарымыздың санасында орын алуын тілейміз» деді.

Сабах газеті «Жапонияда Түркия Фестивалы қатты назар аударды» деген тақырып қолданды. Газет Жапонияда ұйымдастырылған Түркия Фестивалына Жапония халқының қатты қызығушылық көрсеткенін мәлімдеген.  

 



Ұқсас жаңалықтар