Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1264794
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Түркия мен Ресей арасында Су-35 және Су-57 кездесуі» деген хабар жариялаған.  Орыс дипломатиялық хабар көздері президент Режеп Тайып Ердоғанның Макс-2019 Халықаралық Авиация және ғарыш көрмесінде бесінші буын Су-57 әскери ұшағына жылы қарағаннан кейін екі ел арасында келіссөз басталғанын хабарлады.

Хүрриет газеті Путиннің сөздеріне орын берген.  Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің G7-мен ынтымақтастыққа ашық екенін айтып, «Түркия S-400 алғаннан кейін әуе қорғанысын нығайтты.  Қытай және Үндістанмен бірге Түркияның да халықаралық және аймақтық ролі шеңберінде осындай платформада орын алуы орынды» деді.

Сабах газеті оқу-жаттығуға орын берген. Хабарға қарағанда,  Әзірбайжан мен Түрік Әуе күштерінің ортақ әскери оқу-жаттығуы «ТурАз бүркіті 2019» Әзірбайжанда жалғасуда.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда, Әзірбайжан мен Түркия Әуе күштері тарапынан екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспары шеңберінде 2 қыркүйек күні басталған жаттығу жалғасуда.

Оқу-жаттығуға Пәкістан Әуе күштері өкілдері бақылаушы ретінде қатысуда. Жаттығу 16 қыркүйек күні аяқталады.

Стар газеті экономика хабарына орын берген. Түркия Экспортшылар мәжілісі Кеңесі мүшесі Рүстем Четинкая жылдың 8 айында экспорттың артып,  импорттың азайғанын білдірді.  Четинкая: «Экспорттағы көтерілумен бірге импорттағы азаю да сыртқа сауда тапшылығын жылдың алғашқы 8 айында 61,3 пайыз азайтып, 19 миллиард 662 миллион долларға төмендетті» деді.

Йени Шафак газеті «Әлемдегі адам ең көп келген қалалар анықталды: Түркиядан тізімде екі қала бар» атты хабар жариялаған. Mastercard қаржы компаниясы 2018 жылғы деректерге сүйеніп әлем көлемінде «ең көп шетелдік турист келген қалалар 2019» индексін жариялады. 200 қала орын алған тізімде Стамбул және Анталия алғашқы ондыққа енді.  Стамбул тізімде 13,4 миллион шетелдік туристпен сегізінші, Анталия 12,4 миллион туристпен оныншы кезекте орын алды.



Ұқсас жаңалықтар