Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1263462
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Министр Акардан мәлімдеме» деген хабарға орын берген. 2019-2020 Ұшу жылы ашылу салтанатына қатысу үшін алдынғы күні Измирдегі әскери базаға барған Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар осында сөз сөйледі.  Ол Америка Құрама Штаттарымен жалғасып жатқан сенімді аймақ жұмыстарына тоқталды. Министр Акар «Бізге берілген уәделердің орындалуын күтудеміз.  Бізге берілген уәделер орындалмаса, Түрік Қарулы күштерінің, Түркия Республикасының басқа да жоспарлары бар. Оларды жүзеге асырамыз» деді.  

Ватан газеті экономика хабарына орын берген. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак тамыз айында инфляцияның төмендегенін айтып: «Өндіруші баға индексіндегі төмендеу инфляциядағы төменге қарай бағытты жалғастыруда.  Инфляциямен күрес және тұрақты өсім қарастырылған саясаттаррымыз арқылы жылдың аяғына қойған мақсатымызға жетеміз» деді.

Хүрриет газеті Түрік Әуе жолдарының акциясына орын берген. Хабарға қарағанда, түрік авиакомпаниясы Стамбул әуежайынан Ұлыбритания,  Ирландия, Ресей, Норвегия, Дания, Финляндия, Литва, Латвия және Эстониядағы 26 пунктке бару-келу барлығы 164 доллардан басталатын бағамен ұшу мүмкіндігін береді. Осы акцияны пайдаланғысы келетіндер 3-13 қыркүйек күндері аралығында билет сатып алатын болса, сапарларын 3 қыркүйек 2019 – 20  мамыр 2020 күндері аралығында жүзеге асыра алады.

Стар газеті авиацияға байланысты бір хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда, Түрік Авиация және ғарыш өнеркәсібі компаниясы жетілдірген «Шимшек» жоғары жылдамдықты ұшақ жүйесі бірінші рет шетелде қолданылады.  Жоғары жылдамдықты ұшақ жүйесі 11 қыркүйекке дейін жалғасатын Әскери әріптестік -2019 жаттығуында қолданылу мақсатымен Қазақстанға жеткізілді.

Хабер Түрік газеті туризм хабарына орын берген. Круиз туризмінің маңызды орталықтарының бірі Айдынның Кушадасы ауданына кеше үш кемемен барлығы 4 мың 230 турист келіп жетті.  Багам аралдарының кемесі 1850 жолаушы,  Малта кемесі 1674, Багаманың басқа бір кемесі 706 жолаушысымен Кушадасы Эгей портына келіп тоқтады. Кемелердегі американдық жолаушылар Эфес ежелгі қаласын және Мәриям ана шіркеуін аралауға шықты.



Ұқсас жаңалықтар