Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1255744
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның Идлиб аймағында алдынғы күні Түрік Қарулы күштерінің керуеніне жасалған шабуылға байланысты «Асад әкімшілігі отпен ойнамасын.  Әскерлеріміздің қауіпсіздігі үшін не қажет болса,  жасаймыз.» деді. Министр осы шабуылдан кейін орыс лауазым иелерімен барлық деңгейде байланыста екендерін де білдірді.

Сабах газеті «Адыяманда миллиондаған жылдық сүйектер табылды» деген хабарға орын берген. Адыяманның Тут ауданында миллиондаған жылдық сүйектер табылды.  Аудан тұрғындары байқаған сүйектер Тут акиматына білдірілді.  Сүйектерді тексерген әкім Юнус Кызылгүнеш 100 миллион жылдық екені болжалған сүйектердің зерттелуі үшін Стамбул Техникалық Университетіне жолданғанын айтты.

Ватан газеті экономика хабарына орын берген. Түркияға келген тікелей инвестициялар өткен жылдың маусым айынан биылғы маусымға дейін 6,3 пайыз артты.  Шамамен 12,4 миллиард долларға жетті.  Қаңтар-маусым айларында Түркияға келген шетелдік инвестицияда Катар мен Ұлыбритания бірінші орында келеді.

Хабер Түрік газеті «Кеме мен яхта секторы Қиыр Шығысқа аттанды» деген хабар жариялаған. Биылғы қаңтар-шілде айларында шамамен 580 миллион долларлық экспорт жүргізген кеме және яхта секторында Қияр Шығысқа эскпорт артты.  Жылдың 7 айында Гонгконгқа 35,5 миллион,  Сингапурға 30 миллион және Жапонияға 14 миллион долларлық сауда жасалды.

Стар газеті түрік өнерпаздардың табысына орын берген.  Түркияның Динчер Өзер және Рүя Танер атты өнерпаздары Италияның Капри аралында концерт береді. Олар 20-шы Халықаралық Капри музыка фестивалінде сахнаға шығады.  Өзер мен Танер 24 тамыз күні де Испанияда концерт береді.



Ұқсас жаңалықтар