Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Министр Чавушоғлұ сенімді аймақ жайлы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның  Америка Құрама Штаттары мен Түркия арасында Сирия шекарасындағы «Бейбітшілік коридоры» тақырыбындағы кездесудің  келісуімен аяқталғанын айтқанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Чавушоғлұ  кешегі кездесудің өте жақсы бір бастама екенін білдіріп «Бұл жұмыстың Манбидж жол картасына айналуына, уақыт өткізу процесіне кіруіне рұқсат бермейміз» деді.

Йени Шафак газеті «Акар: Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы халықтарының мүдделерінің аяқ асты етілуіне әсте рұқсат берілмейді» атты тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда  Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер мен Құрлық күштері қолбасшыларымен бірге кеше Солтүстік Кипр Түрік Республикасына сапарлай барған Ұлттық Қорғаныс министрі Хулиси Акар «Түркия әрі өзінің, әрі де Солтүстік Кипр Түрік Республикасының заңды құқығы мен мүдделерін әрқашан қорғаған және бұдан кейінде жалғасты қорғайды» деді.

Хүрриет газеті хабарын «Кападокияға көп турист келді» деген тақырыбымен берді. Газет Түркияның ең маңызды туризм орталықтарынан Каподокиядағы мұражай мен тарихи орындарына шілде айы ішінде 393 мың 728 жергілікті және шетелдік туристтің келгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Каппадокия Түркиядағы Орталық Анатолия өңірінде теңізден 1200 метр биіктікте орналасқан. Мұнда жанартаудан пайда болған қызық ланшафт, бізің заманымыздан бұрын І мыңжылдықта жасалған жерасты қалалары, тау үңгірлеріндегі шіркеулер сияқты көріністер көп.

Сабах газеті «Робот Түркияда алғаш рет Стамбул әуежайында басталды» атты хабарға орын берді. Газет Стамбул әужайында екі роботтың жолаушыларға қызмет істей бастағанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Түркияда алғаш рет Стамбул әуежайында міндет атқарған роботтар тесттен процесін тамамдаған соң  ресми түрде міндет атқарады.

Стар газеті «Дженнифер Лопес  Түркияның танытуына үлес қосты» деген тақырып қолданды. Газет Америкалық танымал әнші Дженнифер Лопестің концерт беру мақсатымен Анталияға келгенін және Анталияда ән айтқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Дженнифер Лопестің концертін миллиондаған адам әлеуметтік желісі арқылы  бөлісті. Осылайша Дженнифер Лопес  Анталия мен Түркияны танытылуына үлкен үлес қосты.

 



Ұқсас жаңалықтар