Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Операция орталығы құрылған соң кезең басталмақ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кеше Украина президенті Владимир Зеленскиймен жасаған ортақ баспасөз жиналысында Сирия шекарасындағы бейбітшілік коридоры тақырыбында АҚШ пен Түркия арасында келісіммен аяқталған бас қосумен байланысты «Операция орталығы құруға шешім қабылданды. Операция орталығы құрылған соң кезең басталмақ» деді.

Стар газеті «Ұлттық Қорғаныс министрлігі: АҚШ әскери делегациясымен жүзеге асқан қауіпсіз аймақ келіссөздері аяқталды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Сирияның солтүстігінде АҚШ-пен бірге құрылуы жоспарланған Қауіпсіз аймақ тақырыбында АҚШ әскери лауазымдыларыменҰлттық Қорғаныс министрлігінде 2019 жылы 05-07 тамыз күндері арасындағы келіссөздер аяқталды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен кеше жасалған мәлімдемеде «Қауіпсіз аймақ құру, АҚШ-пен координациясы мен басқару үшін Түркияда Ортақ операция орталығын ең қысқа уақытта құру тақырыбында келістік» деді.

Йени Шафак газеті «Явуз бұрғылау кемесі зерттеу және бұрғылау жұмыстарын бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Жерорта теңізінде рұқсатын алған алаңдар мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Түркия мұнайлары АҚ берген рұқсат алаңдарында зерттеу және бұрғылау жұмыстарын жалғастыруда. Осы аяда бұрғылау жұмыстарын жалғастырған «Фатих» бұрғылау кемесінің артынан «Явуз» бұрғылау кемесі де жұмыстарын бастады.

Сабах газеті «Техникалық өнімдер экспорты 7 айда 10 миллиард доллардан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Техникалық өнім экспортшылар одағы төрағасы Кутлу Каравелиоғлу Түркияның техника экспортының 7 айдың ішінде 10,3 миллиард доллардан асқанын білдірді. Каравелиоғлу жасаған жазбаша мәлімдемеде саланың басты экспорт нарықтары ішінде құндылықтардың көбінесе АҚШ, Франция, Испания және Ресейде артқанын атап көрсетті.

Ватан газеті «350 мың жылдық балта табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталиядағы Караин үңгірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының соңғы күнінде екі ұшы үшкір 350 мың жылдық балта табылды. 2007 жылы аталмыш аймақтағы қазба жұмыстарында 400 мың жылдық бір балта табылған еді.



Ұқсас жаңалықтар