Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1249165
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған сенімді аймақ жайлы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берді. Газет Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Президенттік сарайда өткізілген 11-ші елшілер конференциясында баяндама жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Президент Ердоған баяндамасында Сирияда құрылуы жоспарланған сенімді аймақ жайлы «Сирияны солтүстігіндегі террор зұлматынан құтқару еліміздің ең маңызды мәселесі. Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы операцияларымен басталған процес аясында таяуда маңызды бір сатыны өткіземіз» деген сөздер қолданды.

Хабар Түрік газеті «Отандық және ұлттық ұшақ көлігі келуде» атты тақырып қолданды. Газет Байкар техникалық басқармасы төрағасы және Түркия технология командасы қоры басқару алқасы басшысы Селчук Байрактардың Түркияның алғашқы отандық ұшақ көлігін жасағандарын хабарлады.

Сабах газеті хабарын «Түрік ғалымдары бағытын Солтүстік Арктикаға аударды» деген тақырыбымен берді. Газет Антарктика сапарларын табыспен тамамдаған түрік ғалымдарының алғаш Түрік Арктика ғылыми сапарын жүзеге асырып, зерттеу бағытына Солтүстік Арктиканы да қосқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда осы аяда алғаш Түрік Арктика ғылыми сапары Стамбул Техникалық Университеті Арктика зерттеулері «Uyg-Ar» орталығы басшылығында бір топ ғалымдардың талпынысы және  Түркия Иш Банкасының демеушілігімен шілде айында жүзеге асырылды. Ұйымдастырушы Өзсой сапар бойынша ғалымдардың керемет жұмыстар істегенін баяндады.

Йени Шафак газеті «Әуе жолдары арқылы 7 айда  117 миллион жолаушы тасымалданды» атты хабарға орын берді. Газет Түркияда әуе жолдары арқылы саяхат жасаған жолаушы санының осы жылдың 7 айында  116 миллион 858 мың  460 болғанын мәлімдеді. Газеттің хабарына Стамбул әуежайында осы кезеңде 22 миллион 143 мың  50  жолаушыға қызмет берілді.

Хүрриет газеті «Түркия Қиыр Шығыс нарығына әнжүр экспорт етеді» деген тақырып қолданды. Газет биыл әнжүрде 50 миллион долларлық сатуды көздеген экспортшылардың Қиыр Шығыс нарығына әуе жолы арқылы кіруге дайындалғанын жариялады. Газеттің хабарына қарағанда Эгей көкөніс экспортшылар одағы төрағасы Хайреттин Учак әуе жолы арқылы экспорттың әр күні артқанына назар аударып, «Биыл әуе жолы арқылы 50 миллион долларлық әнжүр экспортын жоспарлаудамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар