Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1242896
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Сирияға операция талқыланды» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Америка Құрама Штаттарынан келген бір делегациямен кездесті.  Акар Сирияда сенімді аймақ тақырыбында «Барлық көзқарасымызды,  ұсынысымызды делегацияға жеткіздік.  Олардың жауаптарын дереу беруін күтеміз.  Кешігуді көтере алмайтынымызды,  қажет болса инициатива қолданатынымызды тағы бір рет атап көрсеттік» деді.

Ватан газеті әуе қорғанысына байланысты бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда,  Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ресейден алынған S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің құрылғыларының тасымалдануы ісінің бірінші сатысының кеше аяқталғанын білдірді.  Жүйенің құрылу жұмыстарының басталғаны және жалғасып жатқаны хабарланды.  Екінші саты тасымалдың да Анкараға жүзеге асырылатыны айтылды. Лауазым иелері Франция ұсынған бір дана SAMP-T батареясы қондырылатын аймаққа байланысты да «Оңтүстік шығыс Анадолы аймағында тексеру жұмыстары жалғасуда.  Оңтүстік шекарада болады» деді.

Стар газеті де қорғаныс тақырыбына орын берген.  Түрік қорғаныс өнеркәсібі фирмалары Ортақ Шабуыл ұшағы F-35 жобасында ең бәсекелес бағамен құнын азайтуда.  Ұшақтың орта кеудесінен қону құрылғылары,  моторынан қанатына дейін көптеген бөлшекті түрік фирмалары өндіреді.  Түркияның F-35 жобасынан шығарылуы ұшақ басына өндіріс құнын 7-8 миллион доллардан 10 миллион долларға арттырады.  Жоба шеңберінде Түркияға одан да көп жұмыс берілсе,  ұшақтардың өндіріс құны азаяды.

Йени Шафак газеті «Еуропа Одағы уәдесін орындамады,  Түркия келісімді тоқтатты» деген хабар жариялаған.  2014 жылдың 1 қазан күні күшіне енген, заңсыз жолдармен Түркия арқылы Еуропа Одағына мүше елдерге кірген босқындардың Түркияға қайтарылуын көздеген келісім Еуропа уәдесін орындамағандықтан тоқтап қалды.  Түркия-ЕО Кері қабылдау келісімінің тоқтатылғанын хабарлаған ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Кері қабылдау келісімі мен түрік азаматтарына виза жеңілдігі бірдей уақытта күшіне енеді» деді. Келісімнің мақсаты заңсыз көштің алдын алу және Еуропаға босқындардың баруын заңды жолдармен шектеу болатын.

Хүрриет газеті «Ресей арнайы және қызмет төлқұжаттарына визаны алып тастайды» деген хабарға орын берген.  Ресей президенті Владимир Путин арнайы және қызмет төлқұжаттарына ие түрік азаматтарының Ресейге кіруі үшін визаны алып тастады.  Путиннің жарлығымен 2015 жылдың қараша айында виза режимі жүргізілген кейбір түрік азаматтарына бағытталған шектеулер алынып тасталды.



Ұқсас жаңалықтар