Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1242022
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Қорқытулар Түркияны жолынан тайдыра алмайды» деген хабарға орын берді. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде және Сирияның солтүстігіндегі қадамдарының түрік ұлтының және Кипр түрік халқының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басылғанын айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда қорқытулардың  Түркияны жолынан тайдыра алмайтынын түсіндірген Ердоған «Түркия Республикасы бір ғасыр бұрын болғаны секілді,  бүгінгі күні де тәуелсіздігіне,  болашағына,  азаматтарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне бағытталған қауіпті жоятындай күште және табанды» деді.

Хабар Түрік газеті «Чавушоғлұ: Сирияда сенімді аймақ тақырыбында сабырымыз таусылды» атты тақырып қолданды. Газет Сирияда сенімді аймақ құру тақырыбындағы кездесулерге байланысты мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның «АҚШ-тың жаңа ұсыныстары бізді қанағаттандыратын деңгейде емес. Манбидж оқиғасында болғаны секілді уақыт ұтқылары келеді деп ойлап қалдық. АҚШ-пен тез арада сенімді аймақ тақырыбында келісуіміз керек. Сирияда сенімді аймақ тақырыбында сабырымыз таусылды» деген сөздеріне орын берді.  Чавушоғлұ сенімді аймақтың маңыздылығының бақылаудың кімнің қолында болатыны және террор ұйымы YPG/PKK-ның бұл жерден шығарылуы екенін білдірді.

Стар газеті хабарын «Ресей технология саласында Түркиямен ынтымақтастық жасауға дайын» деген тақырыбымен берді. Газет Ресей Федерациясы Даму және  коммуникация министрінің орынбасары Михаил Викторович Мамоновтың  маңызды мәлімдеме жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Мамонов жасаған мәлімдемесінде Ресей мен Түркияның көптеген маңызды жобаларды жүзеге асырғанын түсіндірді. Мамонов «Министрлігіміз осы жылдың ішінде технология саласында Түркиямен ынтымақтастық жасауды жоспарлауда» деді.

Ватан газеті «Түрік ағынында алғаш газ тасымалдаудың маңызды қақпасы ашылды» атты хабарға орын берді. Газет Ресей газын Түркияға жеткізіп, бұл жерден Еуропаға тасымалдайтын Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісінің Кыркларелі алу терминалындағы құрылыс жұмыстарының  90 пайызының тамамдалғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Түрік ағыны жобасының  нысаналаған 2019 жылы желтоқсанда іске қосылуы үшін маңызды түйінге жеткен болды. Жоба осылайша әрі кейінгі ұрпақтар үшін Түркия мен Еуропаның қауіпсіздігі орнатылады, әрі Түркия-Ресей ынтымақтастығы күшейеді.

Сабах газеті «Түркияның талпынысы» деген тақырып қолданды. Газет Президенттік үкімет жүйесінің алғашқы даму жобасы болған және 2019-2023 кезеңді қамтыған 11-ші Даму жобасының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде қабылданғанын жариялады.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар