Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1231867
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ұлттық барлау ұйымы мен Түрік қарулы күштері ортақ операция жасады» атты хабар жариялаған.

Бөлшектеуші PKK/KCK ұйымының басқару және атқару комитеті мүшесі Дияр Гарип Мұхаммед, Ұлттық барлау ұйымы және Түрік қарулы күштерінің ортақ операциясымен залалсыздандырылды. Операция PKK-террор ұйымының бас штабының Кандилде алғаш рет бір PKK-лық залалсыздандыруымен назар аударды.

Стар газеті «Түркиядан отандық дәрібастамасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа «Дәрі-дәрмек саласында отандық өндіріс мөлшеріміз 48 пайыз, яғни шетелге 52 пайыз бағыныштымыз. Алдағы кезеңде дәрі, медициналық аппарат және вакцинада отандық өнімді арттыратын және шетелге бағыныштылықты күн өткен сайын азайтатын бір стратегия және ұстанымды жалғастыруда табандымыз» деді.

Сабах газеті «Явуз бұрғылау кемесі жақында жұмыстарын бастайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия министрі Фатих Дөнмез Явуз бұрғылау кемесін өткен апта Гебзеден шығарып салғандарын атап, «қазір кеменің Ташуджу портында қабілеттік тексеру жұмыстары жалғасуда. Құдай қаласа, бір аптаның ішінде Шығыс Жерорта теңізінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан алған рұқсатпен Карпазда, Явуз кемесінің алғашқы бұрғылау жұмыстары басталмақ» деді.

Хүррийет газеті «Стамбул әуежайлары 6 айдың ішінде 48 миллион жолаушыны күтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең маңызды авиациялық орталықтары арасында орын алған Стамбулдағы әуежайларында ағымдағы жылдың алғашқы 6 айлық мерзімінде 337 мың 218 ішкі және шетелдік сапарларымен 48 миллион 763 мың 184 жолаушы саяхат етті.

Хабертүрік газеті «Түркия кептірілген өрік өндірісі мен экспортында алдыңғы қатарда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ауылшаруашылығы және орман министрлігі қасындағы Ауылшаруашылығы зерттеу және саясаттар басқармасы бас директоры Өзкан Каяжан Түркияның әлем кептірілген өрік өндірісінің 63 пайызын қамтамасыз еткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар