Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1230652
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «БҰҰ мұндай бір дөрекі әрекет жасауға болмайды» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымының террор ұйымы YPG/PKK-мен оның тарамағы астындағы бала сарбаздардың қоя берілуін сылтау етіп кездесуінің және бір келісім жасауының әсте қабылдауға болмайтынын айтты. Газеттің хабарына қарағанда президент Ердоған «Біріккен Ұлттар Ұйымының бір террор ұйымына көңіл бөлуі, үстелде бірге отыруы және ресми бір мәртебе беру сынды келісімге қол қоюы дұрыс емес. БҰҰ мұндай бір дөрекі әрекет жасауға болмайды» деді.

Стар газеті «Түркия БҰҰ Женева офисі және Швейцария органдарына наразылық нотасын берді» атты тақырып қолданды. Газет Түркияның террор ұйымы PKK/PYD/YPG басқаруындағы ауыз жүзіндегі қолбасшысымен келісімге қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымы Женева офисіне және еліне кіруіне рұқсат берген Швейцария органдарына наразылық нотасын бергенін мәлімдеген.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркия өмір сүруге және жұмыс істеуге ең ыңғайлы жетінші ел» деген тақырыбымен берді. Газет HSBC тобының «Expat Explorer» сауалнамасы бойынша Түркияның өмір сүруге және жұмыс істеуге ең ыңғайлы жетінші елі болып сайланғанын жариялады. Газеттің хабарына қарағанда Түркия Германия мен Біріккен Араб Әмірліктерін артқа тастады. Түркиядағы шетелдік қызметкерлердің 62 пайызы тұрмыс деңгейінің өзі елімен салыстарғанда жоғары екенін айтуда.

Хабар Түрік газеті «Барша әлем түрік кілемін ұнатады» атты хабарға орын берді. Газет Түркияның осы жылдың алғашқы 6 айында 177 елге  1 миллиард 176 миллион долларлық кілем экспорт еткеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда экспортта алғашқы орынды 282 миллион доллармен АҚШ алса,  екінші орынды 210 миллион доллармен Сауды Арабиясы алуда. Үшінші орынды 57 миллион доллармен Германия және  төртінші орынды 45 миллион доллармен Ирак иелеуде. Одан кейін Ұлыбритания, Ливия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Кувейт, Израиль, Бельгия да Түркияның нарығында маңызды орын алуда.

Ватани газеті «Памуккалеге көп турист келді» деген тақырып қолданды. Газет ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Памуккалеге  осы жылдың алғашқы 6 айында 1 миллион турист келгенін баяндаған. Газеттің хабарына қарағанда Памуккалеге жергілікті және шетелдік туристтер өте қызығушылық көрсетуде. Денизли туристік қонақүйлер және басқару қоғамы төрағасы биыл туризм үшін өте берекетті бір жыл екенін білдіріп, «Осы жылдың 6 айында Памуккалеге келген турист саны 1 миллионнан асты. Өткен жылғы бірдей кезеңде 780 мың саяхатшы бар еді. Өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда турист саны 23 пайыз артты» деді.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар