Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1221377
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Түркиядан АҚШ-қа F-35 жауабы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ Қорғаныс министрінің өкіліПатрик Шанаханның Ресейден сатып алынған «S-400» әуе қорғаныс және зымыран жүйесімен байланысты жолдаған хатына жауап қайтарды. Ұлттық Қорғаныс министрлігін жасаған мәлімдемеде «Хатқа қайтарылған жауапта одақтастық рухына жараспаған жазу стилі мен ұстаным себепті мазасыздық қайта ескертіліп, баршаға мәлім көзқарастарымыз бен ұсыныстарымыз егжей-тегжейлі жеткізілді. Өзара құрмет пен достыққа сүйенген түрде келіссөздердің жалғастырылуы және мәселелерге қажетті шешімдер табылуы жөнінде жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы атап көрсетілді» делінді.

Сабах газеті «Түркияның түкпір-түкпірінде Мұхаммед Мурсидің сыртынан жаназа намазы оқылды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда төңкерісшіл Сиси әкімшілігі тарапынан айыпталған сот залында алдынғы күні қайтыс болған бұрынғы Мысырдың экс-президенті Мұхаммед Мурсиүшін Түркияда ел көлемінде сыртынан жаназа намазы оқылды. Жаназа намазына қоса төңкеріспен билікке келген және президент Мұхаммед Мурсидің түрмеге қамалуына себеп болған Сиси және әкімшілігі протест етілді.

Стар газеті «Явуз ертең бұрғылау үшін жолға аттанады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Явуз бұрғылау кемесінің ертең Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) жіберілетіні атап көрсетілді. Дөнмез «Явуз бұрғылау кемеміз шілде айының басында СКТР-нан алған рұқсат алаңында алғашқы бұрғылауды бастайды» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия геотермал энергия күшін арттыруда әлем лидері» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның геотермал энергия саласында құрылған күштің өткен жылы бір алдынғы жылмен салыстырғанда 21 пайыз өсіп, мың 282 мегаватқа артты. Осылайша әлемде 219 мегаваттпен геотермал энергия саласында ең көп күшін арттырған ел Түркия болды.

Ватан газеті «Түркия Еуроодақпен 827,7 миллион евролық саудалық профицитке ие болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия сәуір айындаЕуроодақпен 827,7 миллион евро көлемінде саудалық профицитке ие болды. Еуроодақ Статистикалық кеңсесі (Eurostat), Еуроодақ пен Еуро аймағының сәуір айындағы халықаралық саудаға қатысты мағлұматтарын жариялады. Осыған қарағанда сәуір айында Түркия Еуроодаққа 6 миллиард 894,8 миллион евролық экспорт жасаған. Еуроодақтан да 6 миллиард 67,1 миллион евролық импорт жүзеге асырған Түркия сәуір айында 827,7 миллион евро саудалық профицитке ие болды.



Ұқсас жаңалықтар