Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1217666
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған: Түркия S-400 жүйесін сатып алдық» деген хабарға орын берді. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның  S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алу жөніндегі дау-дамайларды доғарғанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының мәжілісінде үн қатты. Ресейден S-400 жүйесін сатып алуға байланысты АҚШ әкімшілігінен келген сындарға жауап қайтарған президент «S-400 жүйесін аламыз деп айтпаймын, алдық. Біз осы істі жүзеге асырдық» деді. «S-400 ыңғайлы бағасына қоса ортақ өндіріске де өту үшін уәде алып, келісімді бекіттік» деді.

Сабах газеті «АҚШ-тың S-400 жайлы дөрекі  хатына Түркия қатал наразылық көрсетті» атты тақырып қолданды. Газет Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акардың Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі өкілі Патрик Шанаханның S-400 әуе қорғаныс жүйесі жөнінде жіберген хатына қатал наразылық көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда «Шанаханның хаты одақтастық рухына қайшы. Бұған жауап беруге дайындалудамыз» деді.

Стар газеті хабарын «Ғылым және коммуникация технологиялары  HAVELSAN-ға  Катарда кибер қауіпсіздік міндеті» деген тақырыбымен берді. Газет энергия, телекоммуникация, автокөлік, қауіпсіздік сынды салаларда жұмыс істеген Катардың алдыңғы қатардағы фирмасы Jaidah Grupттың кибер қауіпсіздік тақырыбында HAVELSAN-мен ынтымақтастық жасау келісіміне қол қойғанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Jaidah Grup  HAVELSAN-ның кибер қауіпсіздік саласындағы тәжірибелерінен пайдаланып, HAVELSAN-ның өнімдерін қолданып, кибер қауіпсіздігін дамытады.

Хүрриет газеті «Түркияның құнды маркасы Түрік әуе жолдары» атты хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Халықаралық марка құнын бағалау ұйымы Brand Finance-нің зерттеуі бойынша Түрік әуе жолдары 1.7 миллиард доллардан асқан ақшасымен өткен жылы болғандай биыл да Түркияның ең құнды маркасы болды.

Хабар Түрік газеті «Бар Рафаэль: Түркияны өте жақсы көремін» деген тақырып қолданды. Газет Израильдік модель Бар Рафаэльдің Анталияда ұйымдастырылған «Dosso Dossi Fashion Show»-да сахнаға шыққанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Рафаэль ұйымдастырған баспасөз жиналысында Түркияны жақсы көретінін айтты. Рафаэль «Израиль мен Түркия арасы  жақын. Түрік әйелдері өздері жақсы күтеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар