Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1215510
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «2018 жылы Түркиядан 2 миллиард 325 миллион долларлық таза жеміс-жидек экспортталды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Түркия өткен жылы «Turkish Cargo» арқылы 18 миллион 58 мың долларлық таза жеміс-жидек экспорттады. Өткен жылы авиация арқылы жүзеге асқан 6 мың 691 тонналық таза жеміс-жидек экспорты табысы тұрғысынан қарағанда 71 пайыз өсті. Авиация арқылы ең көп экспорт 3 миллион 202 мың доллармен Гонконгқа жасалды. Гонконгтың артынан кезегімен 2 миллион 229 мың доллармен Норвегия екінші, 1 миллион 344 мың доллармен Сингапур үшінші орын алды.

Йени Шафак газеті «Анталияда турист рекорды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталия губернаторы Мүнир Караоғлу Анталияға күнделікті келуші турист санының рекорд жаңартқанын білдірді. Губернатор жеке әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Құттықтаймын Анталия. Күндік жолаушы кірісінде тағы рекорд жаңарттың. 2019 жылы 8 маусым күні келуші жолаушы саны 85 мың 205. 2018 жылымен салыстырғанда биыл айлық тұрғыдан 17 пайыз өсіп, 570 мың 422 адам, жылдық тұрғыдан 18 пайыз артып, 3 миллион 870 мың 211 адам Анталияға келген. Жаңа рекордтарға...» деді.

Хүррийет газеті «Эгей аймағы алғашқы ширекте 1,8 миллиард доллар сыртқы сауда профициті» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Эгей аймағында 2019 жылдың алғашқы ширегінде 3 миллиард 117 миллион долларлық импорт, 4 миллиард 908 миллион долларлық экспорт жасалды. Эгей аймағында алғашқы ширекте шамамен 1,8 миллиард долларлық сыртқы сауда профициті жүзеге асты. Экспорттың импортты толықтыру мөлшері 157 пайызға жоғарылады.

Стар газеті «Үздік жүлде алды, туристке толды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Битлистің Татван ауданында әлемнің екінші, Түркияның ең үлкен кратер көлі Немрут Кратер көлі айт демалысының соңғы күнінде туристке толды. Еуропалық таңдамалы бағыттар жобасы аясында «Үздік жүлде» алған және теңіз деңгейінен 2 мың 250 метр биіктіктегі көл керемет табиғатымен келушілерді тәнті етуде. Немрутқа келушілер табиғаттың сұлулықтарына қоса, жылы және салқын көлдері, мұздық үңгірі, бу мұржасымен қызықтырған аймақтың теңдесі жоқ сұлулықтарын аралайды.

Сабах газеті «Месут Өзил көңілдерді жаулап алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда белгілі футболшы Месут Өзил жасаған қайырымдылықпен баршаның ризашылығын алды. Танымал футболшы Түрік Қызыл жарты ай қоғамымен Түркия мен Сириядағы асүйлері арқылы 16 мың жетім бала мен мұқтажға ас таратты. Сирия мен Түркияда барлығы 2 мың жетім бала, 14 асүйінде жүздеген адам аталмыш қайырымдылықпен қуанды. Футболшы сондай-ақ көпшілігі Африка құрылығынан денсаулық жағдайы нашар мың баланың да медициналық операция шығындарын мойнына алды. Өзил Түрік қызыл жарты ай қоғамының қан беру және діңгек жасушасы бағыштау іс-шараларына да қатысады.



Ұқсас жаңалықтар