Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1207319
Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Сабах газеті «1,2 миллион студентке жазда жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның жариялаған Әлеуметтік жұмыс бағдарламасы арқылы Стамбулда 51 университетте білім алып жатқан 1 миллион 252 мың студенттің де жұмыс істеу мүмкіндігіне қауышатынын айтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия жұмыс мекемесі жазда жұмыс істейтіндердің өтініштерін қарайды. Үш ай жұмыс істейтін жастар айына 2 мың 500 Түрік лирасын  алады және алғаш рет сақтандыруға тіркеледі. Жастар көбінесе қарияларға қарау, әлеуметтік қызметтер, сабақ беру, ақылшы сынды жұмыстар істейді.

Стар газеті «Өнеркәсіпшілерге 30 миллиард лиралық қолдау» атты тақырып қолданды. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрактың жемісті ұлттық индустрия (İVME) қаржы пакетін жариялағанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда айтылатындардың Түркия дұшпандарын қайғыға батыратынын түсіндірген министр Албайрак «Маусым айынан бастап, Түркияның ұлттық бюджет кемшілігінің көп болатынын байқаудамыз» деді. Министр Албайрак сонымен қатар İVME қаржы пакеті аясында осы жылдың аяғына дейін өнеркәсіпшілерге мөлшермен 30 миллиард лиралық ақша бөлінетінін атап өтті.

Хабар Түрік газеті хабарын «Отандық автокөліктің  үлгісі  осы жылдың аяғында жарыққа шығады» деген тақырыбымен берді. Газет Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанктың отандық автомобильге байланысты мәлімдеме жасағанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда 2019 аяғында отандық автомокөліктің үлгісінің жарыққа шығатынын түсіндірген Варанк «Алла бұйырса 2022 жылында отандық автомобильдерді көшеде көре алатын боламыз» деді. Жұмыстардың жоспарланғандай жалғасқанын баяндаған Варанк   «қазір дизайн жұмыстары тамамдалды, өте керемет» деді.

Ватан газеті «Turkish Cargo жүк ұшағы алғашқы ширекте үлкейді» атты хабарға орын берді. Газет Turkish Cargo жүк ұшағының , 2019 жылының алғашқы ширегінде жаһандық әуе жүк нарықтарында болған 3,1 пайыздық кіриреюге  қарамастан үлкейгенін мәлімдеген.

Йени Шафак газеті «Сумеланың Монастырь қақпасы қайтадан ашылуда» деген тақырып қолданды. Газет реставрациядан кейін Трабзондағы Сумела Монастырьдың қақпасының қайтадан ашыла бастағанын мәлімдеген. Сумела Монастырьдың ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілуі жөніндегі жұмыстары басталады.



Ұқсас жаңалықтар