Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1203004
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Чавушоғлұ: S-400 қорғаныс жүйелерінің бақылауы Түркияда болады» деген хабарға орын берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Латвия сапары барысында Латвия Сыртқы істері министрімен кездескеннен кейін ортақ баспасөз жиналыс өткізгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Америка Құрама Штаттарының S-400 қорғаныс жүйелерінің F-35 қорғаныс жүйелеріне қауіп төндіргені жайлы пайымдауға жауап берген Чавушоғлұ «Біз ашық айттық. Бұл жүйе толыққанды түрде біздің бақылауымызда болады» деді.

Стар газеті «Путин: түріктермен жұмыс істеу тіпті оңай» атты тақырып қолданды. Газет Ресей президенті Владимир Путиннің Америка Құрама Штаттары және кейбір Еуропа елдерінің алдын тосу үшін түрлі әдістер қолданғанын айтқанын жазды. Газет сонымен қатар Путиннің кедергілерге қарамастан  салынып жатқан Ресей табиғи газын Еуропаға тасымалдайтын Солтүстік ағыны 2 табиғи газ құбыр желісі жобасынан сөз қозғаған кезде Түрік ағыны да тоқталғанын білдірді. Газеттің хабарына қарағанда Путин «Түріктермен жұмыс істеу еуропалықтармен салыстырғанда тіпті оңай. Президент  Режеп Тайып Ердоған шешім жасайды және жұмыс дереу іске қосылады» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «Moody’s: түрік экономикасының күшті жақтарын мәлімдеді» деген тақырыбымен берді. Газеттің хабарына қарағанда Халықаралық несие бағалау мекемесі Moody’s Еуропа, Орташығыс және Африка елдері рисктер тобы директоры Ивес Лемай Ұлыбританияның астанасы Лондонда ұйымдастырылған «Moody’s дамыған нарықтар» саммитінде түрік экономикасының күшті жақтарына тоқталды. Лемай «Түркияның экономикалық түрлілігі, үлкендігі және үкіметтің шығын көрсеткіштері экономиканың күшті жақтарын көрсетуде » деді.

Сабах газеті «Сәуір айында шетелдіктерге тіпті көп тұрғын үй сатылды» атты хабарға орын берді. Газет осы жылдың алғашқы ширегінде шетелдіктерге 13 мың  338 тұрғын үйдің сатылғанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда өткен жылдың қаңтар-сәуір маусымында шетелдіктерге 7 мың 341 тұрғын үй сатылған еді. Осы жылдың сәуір айында шетелдіктерге тұрғын үй сату саны өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 82,1 пайыз артып, 2 мың 43-тен 3 мың 720-ға ұласты.

Хүрриет газеті «Ағылшындар жазда Түркияда теңіз демалысын өткізетін ең керемет 10 жерді таңдады» деген тақырып қолданды. Газет ағылшын газеті «The Telegraph»-тың  2019 жылы Түркияда теңіз демалысын өткізетін ең керемет 10 жерді таңдағанын жазған.

 



Ұқсас жаңалықтар