Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1200027
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Түркия маусым айында жаңа экономикалық пакет жариялайды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак маусым айы ішінде өндіріс және экспорт саласына қолдау беретін жаңа бір экономикалық пакетжариялайды. Салық инфрақұрылымында бір өзгеріс жоспарланғанын атап көрсеткен Берат Албайрак «Өндіріс күшін арттыратын бір пакет болады. Импортты азайтып, экспортты арттырамыз» деді. Албайрак инфляция мен проценттердің бірнеше айдың ішінде төмендейтінін білдірді.

Йени Шафак газеті «Фатих бұрғылау кемесі Кипр аралының батысында бұрғылау жұмыстарын бастайды» атты хабар жариялаған.Фатих бұрғылау кемесі Барбарос Хайреттин Паша сейсмикалық зерттеу кемесініңтеңіз флотының жетекшілігімен зерттеулерін аяқтады. Кипр аралының батысында бұрғылау жұмыстары басталады. Лауазымдылар Фатихтің Кипрдың батысындағы жаңа бұрғылау орнынан үмітті. Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі алғашқы энергия көзіне осы алаңда қол жеткізуі күтіледі.

Стар газеті «Түркия Пәкістаннан ‘Super Mushak’ оқу-жаттығу ұшағы сатып алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Пәкістан арасындағы сауда жылдам артуда. Түркия 30 АТАК соғыс тікұшағы табыс ететін Пәкістаннан 52 дана 'Super Mushak' оқу-жаттығу ұшағы сатып алуды жоспарлауда. Екі ел арасында қорғаныс саласында ортақ өндіріс үшін ынтымақтастық жоспарлануда. Түркия сондай-ақ Пәкістандағы технология парктерінің жетілдірілуі тақырыбында да техникалық қолдау береді. Екі ел де өнеркәсіптік салада ортақ бастамалар үшін іскерлерді ынталандырады. Осы салалар арасында қоғамдық тасымалдау және жүк көліктері, кеншілік және азық-түлік, туризм, құрылыс, теміржол, текстиль құрал-саймандары сияқты салалар орын алады.

Хүррийет газеті «Толқытатын жаңалық Каппадокияда кездейсоқ табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Невшехирдің Аджыкөл ауданына қарасты Татларин ауылында бір жерасты қаласы кездейсоқ табылды. Татларин ауылында жерін егіп отырған бір диқан кездейсоқ жартастан ойылған бір кіріс тапты. Диқан тапқан жартастан ойылған орынның кірісін лауазымдыларға білдірді. Мұражай дирекциясы лауазымдылары тарапынан жасалған тексеруде жартастан ойылған орынның кірісінде көне дәуірлердің ою-өрнектері болғаны анықталды. Мұражай дирекциясы тарапынан жүргізілетін бір археологиялық қазба жұмысының артынан жерасты қаласы туризмге ашылмақ.

Ватан газеті «Айт үшін 300 мың брондау жасалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Қонақүй қожайындары федерациясы (TÜROFED) төрағасы Осман Айык 4 маусым күні басталатын Ораза айт демалысында ел көлемінде 300 мың жергілікті туристтің қонақүйде қонып демалатынын атап көрсетті. Осман Айык әрі сыртқы нарықтан келген ,әрі ішкі нарықтан жасалған брондаулармен аталмыш мерзімде қонақүйлердің 100 пайыз толатынына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар