Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1197927
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Türksat 5A спутнигінің ұшырылатын уақыты белгілі болды» деген хабарға орын берген. Түркияның спутниктік операторы Türksat –тың бас директоры Дженк Шен Türksat 5A спутнигінің келесі жылдың екінші ширегінде ұшырылатынын білдірді.  Шен Türksat 5A спутнигінің Америка Құрама Штаттарының Флорида штатынан ғарышқа ұшырылатынын айтты.

Хүрриет газеті туризм хабарын жариялаған. Анталия өткен жылы 13 миллион 591 мың 17 турист,  бес аудандағы круиз порттарында да 51 мың 835, барлығы 13 миллион 642 мың 852 туристі қонақ қылды.  2018 жылғы турист саны 2017 жылдың турист санына қарағанда 30 пайыз артты.  2019 жылғы турист санындағы нысана да 16 миллион деп жарияланды. Қалаға жылдың алғашқы төрт айында 1 миллион 560 мың 862 турист келді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 32 пайыз жоғары.

Сабах газеті «Түркияның жаңа қаруы – Алка» деген хабар жариялаған.  Түркия соңғы кездегі террорлық шабуылдарда жиі қолданылған жарылғыш тиелген әуе көліктері және қолдан жасалған жарылғыштарды жою үшін Алка бағытталған энергия қару жүйесін жасап шығарды.  Түркияның рокета секторындағы көшбасшысы ROKETSAN Alka YESS-ті бірінші рет Стамбулдағы Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде таныстырды. Alka YESS сынақтарда қолдан жасалған жарылғыш, қауіпсіздікке қатер төндірген дрон, қару тасыған дрон, тыңшы дрондарды табыспен жойды.

Ватан газеті «Төлқұжат бақылауынан бет бейнесімен тану жүйесімен өту басталды» деген тақырып қолданған. Әлемде көптеген әуежайда қолданылған саусақ ізі және бет бейнесінен тану арқылы төлқұжат бақылауынан өтуді қамдайтын Биометриялық автоматты жүйе Түркиядағы Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайында қызмет бере бастады. Осы жүйе арқылы жолаушылар саусақ іздері және бет бейнелерімен 18 секундтың ішінде бақылаудан өтетін болады.

Хүрриет газеті түрік режиссерге берілген марапатқа орын берген. Атақты режиссер Ферзан Өзпетек Италияның Лечче және Наполи қалаларынан кейін Палермо муниципалитеті тарапынан құрметті азамат деп жарияланды.  Палермо Университеті де Өзпетекке құрметті докторлық атағын берді.

Саленто Университеті де түрік режиссерді «Мәдени елші» деп жариялады.



Ұқсас жаңалықтар