Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1185573
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркияның НАТО-дағы тұғырын әңгіме қылуға рұқсат бермейміз» деген хабар жариялаған.  Түркия Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін алу шешімінің ешбір елге қарсы берілген шешім еместігін білдірді.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «S-400 шешімі - Түркияның ұлттық егемендігі шеңберінде егемен бір ел ретінде қабылданған шешім.  АҚШ-қа немесе басқа бір елге қарсы берілген шешім емес» деді. Калын «S-400 және F-35 мәселесі аясында Түркияның НАТО-дағы орнын әңгіме қылуға бағытталған мәлімдемелерді қабылдау мүмкін емес» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше ирандық әріптесі Джевад Зарифпен кездесті.  Чавушоғлу «Америка Құрама Штаттарына эмбаргоның қате екенін түсіндіруді жалғастырамыз» деді.  Иран Сыртқы істер министрі Зариф те «Сирияда Асадпен ұзын кездесу өткіздім.  Осы кездесудің есебін президент Режеп Тайып Ердоғанға беремін» деді.

Хабер Түрік газеті «Эгейден Ресейге экспорт 111 пайыз артты» деген хабар жариялаған.  Эгей аймағынан Ресейге жүргізілген экспорт жылдың алғашқы ширегінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 111 пайыз артып, 37 миллион 818 мың доллардан 79 миллион 908 мың долларға жетті.  Эгейден Ресейге экспортта балғын жеміс-көкөніс өнімдері 15 миллион 409 мың доллармен бірінші орынды иеленді.

Хүрриет газеті ТАНАП жобасы туралы бір хабарға орын берген.  Әзірбайжанның Шахтеңіз 2 қойнауынан шығарылған газдың Еуропа нарығына жеткізілуіне үлес қосатын Транс Анадолы Табиғи газ Желісінің соңғы сатысы басталды. 15 сәуір күнінен бастап құбыр желісіне газ беріле бастады.

Стар газеті де экономика хабарына орын берген. Түркияның ақпан айындағы Еуропа Одағына экспорты импортынан 877,6 миллион евро артық болды.   Евростат деректеріне қарағанда,  Түркия ақпан айында Еуропа Одағы елдеріне 6 миллиард 528,2 миллион евро экспорт, 5 миллиард 650,6 миллион евро импорт жүзеге асырды.



Ұқсас жаңалықтар